logos

Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - img_4978-2222222-827x1024.jpg

Жарылқасынова Әсел Тілеужанқызы, қазақ, 1988 ж.т. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жаңажол ауылында дүниеге келген. Мектепте 1994 жылдан 2005 жылға дейін оқыды. 2005 жылы Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің “Ақпараттық жүйелер” факультетіне түсіп, 2009 жылы бітірді. 2009-2011 жылдары осы университеттің магистр мамандығын алып шықты. 2010 жылдың ақпан айында Орта медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерді даярлау және қайта даярлау жөніндегі республикалық колледжіне ақпараттық орталықтың маманы болып жұмысқа орналасқан. 2019 жылдан бастап Республикалық жоғары медициналық колледжінде, Оқу бөлімінің басшысы болып қызмет атқарады.

Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - img_7901-1111222-1024x683.jpg

Жаксыбаева Жаркын Мелсовна, ұлты қазақ, 1987 жылы туылған. Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ақтерек ауылында дүниеге келген. Мектепте 1994 жылдан 2005 жылға дейін оқыды. 2005 жылы Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің “Ақпараттық жүйелер” факультетіне түсіп, 2009 жылы “Ақпараттық жүйелер” мамандығы бойынша бітіріп шықты. 2009 жылдың қыркүйек айында Қазақ Ұлттық Аграрлық үниверситетінің “Ақпараттық технологиялар” институтында “Инженер-бағдарламашы” болып жұмысқа орналасқан.  2018 жылдан бастап Республикалық жоғары медициналық колледжінде, Оқу бөлімінің маманы болып қызмет атқарады.

           Оқу бөлімі

Оқу бөлімі колледждің дербес құрылымдық бөлімшесі ретінде 2010 жылдың 31 тамызында құрылған (106-бұйрық).

Оқу бөлімінің құрылуына колледжде және бүкіл Қазақстан Республикасында қазіргі заманғы ақпараттық мүмкіншіліктерді жаңғырту, жетілдіру және енгізу алғашарт болды (ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауына сәйкес).

Өз жұмысында Оқу бөлімі басшылыққа алады:

  • ҚР білім беру және денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы заңнамасы;
  • Колледж жарғысы және РЖМК ішкі басқа құжаттары;
  • Оқу бөлімі туралы ереже.

Оқу бөлімінің құрамы:

  • Бөлім басшысы;
  • Оқу бөлімінің мамандары

Оқу бөлімінің қызметі:

  • Қабылдау комиссиясынан жеке істерді қабылдаудан бастап колледж бітірушілерінің жеке істерін мұрағатқа тапсырғанға дейінгі іс жүргізу;
  • Білімгер контингентінің ағымдағы және жиынтық статистикалық мәліметтерін жинау, өңдеу және құрастыру;

Оқу бөлімі қазіргі заманғы жабдықтармен жабдықталған, олар төмендегілер:

  • Колледждің локалдық торабына қосылған Intel Core i7 процессоры базасындағы компьютерлер;
  • Автоматты беруге мүмкіндігі бар А4 форматтағы КФҚ;
  • Дипломдарды толтыруға арналған лазермен күйдіріп басу әдісі мен түрлі-түсті етіп басу мүмкіндігі бар жүйеге негізделген арнайы принтер;
  • РЖМК ААЖ арналған жеке сервер;
  • ТМД елдерінің және Қазақстанның білім ұйымдарының оқу бөлімдерімен бейне-кеңес сеанстарын өткізуге арналған жабдықтар;
  • Жоғарғы жылдамдықтағы интернет;
  • Adobe corel draw, adobe autocad және басқа сондай арнайы қамтамасыз етілген бағдарламалар.

Оқу бөлімі

Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану

Оқу процесімен байланысты ақпаратты жинау, өңдеу және сақтауды автоматтандыру, сапасын арттыру және жетілдіру мақсатында Республикалық жоғары медициналық колледжінде Автоматтандырылған Ақпараттық Жүйе (ААЖ РЖМК) енгізілді.

РЖМК ААЖ – күрделі кеңсе тіркеушісі қағидасы бойынша жұмыс істейтін ақпараттық жүйе ;

Енгізілген мәліметтерді сақтау қауіпсіздігі мақсатында бағдарламаны жазғандағы шарттардың бірі жүйенің сенімділігі болды.

РЖМК ААЖ банктік қауіпсіздік класына негізделген қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар базасында құрылған болатын.

Бұл шаралардың барлығы бағдарламаның базасына рұқсатсыз ену мүмкіндігін (тесттік бағаларды жөндеу, жиынтық тізімдікке және білімгерлер мен тыңдаушылардың жеке істеріне өзгерістер енгізуді) болдырмауға бағытталған.

РЖМК ААЖ-нің негізгі міндеттері:

  • Ақпаратты жинақтау
  • Ақпаратты сақтау
  • Ақпаратты өңдеу
  • Ақпаратты талдау
  • Ақпаратты беру

РЖМК ААЖ төмендегі модульдерден тұрады:

  1. Қабылдау комиссиясы
  2. Студенттер
  3. Қайта даярлау
  4. Тестілеу
  5. Кадрлар бөлімі
  6. Кітапхана
  7. Бухгалтерия
  8. Мәліметтер мұрағаты
  9. Әкімшілік
  10. Техникалық қызмет көрсету қызметі және т.б.

Перейти контентке