logos

«Акушер» біліктілігімен мамандарды дайындау 1937 жылдан бастап, ал «Фельдшер» біліктілігімен мамандарды дайындау 1940 жылдан бастап жүргізіліп келеді.

«Емдеу ісі» мамандығында 110 штаттық оқытушы қызмет жасайды, олардың ішінде 2 медицина ғылымының докторы, 6 кандидат, 10 магистр бар.

Бөлім  ауруханада, емханаларда, дәрігерлік амбулаторияларда  (ДА), фельдшерлік-акушерлік пунктерде (ФАП), АМСК орталықтарында жұмыс жасайтын білікті орта буынды медицина қызметкерлерін дайындайды.

Мамандықты бітірушінің қызметтік міндеттері:

  • ауруханада, емханаларда, дәрігерлік амбулаторияларда  (ДА), фельдшерлік-акушерлік пунктерде (ФАП), АМСК орталықтарында емдік-диагностикалық шараларға, әртүрлі жас аралықтарында науқастарға алғашқы медициналық және санитарлық көмек көрсетуге қатысу;
  • науқастың жағдайын бағалау және дәрігерге дейінгі алғашқы  медициналық көмек көрсету.
  •  медициналық мекемелерде санитарлық-гигиеналық тазалық сақтау;
  •  экстремалды жағдайда тұрғындарға медициналық көмек;
  •  жаңа ақпараттық технологияларды, әдістемелерді пайдаланудың әдістері мен өнімді қабылдау;
  • әлеуметтік органдармен және қайырымдылық қызметтердің бірігуімен науқастарды реабилитациялауға қатысу және оларды интернаттарға, хосписке, мүгедектер үйіне, қарттар үйіне орналастыруға қатысу;
  • әр жастағы топ науқастарының бірігуі және жанұясы құқығының өзіндік денсаулықты қалыптастыруға күш біріктіру;
  • әртүрлі сұрақтар нәтижесінде кеңестер беру ( физикалық, психикалық, жалпы экологикалық ) және басқа факторлар нәтижесінде денсаулыққа байланысты сұрақтар қойылу;
  • кез-келген науқастың және оның жанұясының денсаулыққа байланысты түрлі жастағы  адамдармен денсаулық сақтау сұрақтарын талдау, күтім көрсету;
  • балаларды ерте жасында тамақтандыру (табиғи тамақтандыру, қосымша тамақ беру), психологиялық дамуы, шынықтыру,мектепке және мектепке дейінгі мекемелерге даярлау жөніндегі сұрақтарға кеңес жүргізу;
  • әр түрлі жастағы балалардың нервтік-психикалық дамуы, имуннопрофилактика, диспансерлік бақылау жөніндегі сұрақтарға кеңес беру;
  • балаларда жиі кездесетін ауруларды диагностикалаудың және салыстырмалы диагностикалаудың заманауи әдістерін қолдану, сондай- ақ емдеу және алдын алуын жүргізу;
  • нормативті медициналық іс- құжаттарды  алғашқы медико-санитарлық ұжымдарда ұйымдастыру;
  • ұжыммен бірігу және бірлесе жұмыс істеу;
  • аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау.

Емдеу ісі

Білім беру үрдісіне белсенді түрде оқутыдың жаңа тәсілдері мен ақпараттық  әдістер енгізілген.

Бітірушілердің кәсіптік деңгейін қадағалау және көтеру мақсатында,  клиникалық ойлау мәдениетін қалыптастыру  бағытында оку –өндірістік тәжірибе алдында практикалық емтихан өткізіледі.

Кәсіптік деңгейінің жоғарғы көрсеткішін мамандық бітірушілері республикалық деңгейдегі «Үздік бітіруші» сайысында бірнеше мәрте дәлелдеді.

Емдеу ісі

Мамандықтың негізі қаланғаннаң бастап бөлімді Козлова Гута,  О.И. Рутковский, Г.С.Зияшева,  Р.С. Нугманова, Л.Г. Кашляк, Т.В. Корпусенко, Л.Н.Акуминко, К.Н. Мендібаева, Г.Н.Хамитова, С.С. Козеева, Л.А.Карагубенова, А.Е.Тапенова,  А.М.Татибекова,  М. В.Смагулова меңгерді.

2011 жылдан бері  қазақ бөлімін Зейнолдина Бағдагүл Қажыкеновна,  орыс бөлімін Алибекова Ляззат Джанибековна  басқарады.

“Емдеу ісі”  бөлімінің меңгерушісі Ләззат Абдуллақызы Ғабжалилова

Перейти контентке