logos

Бұл сала бойынша медицина мамандарын даярлау 1939 жылдан бері жүргізіліп келеді. Оқыту мерзімі  (11 сынып негізінде ) 2 жыл 10 ай. Тәжірибелік сабақтарда студенттер Қазақстан Республикасының қолданыстағы санитарлық нормативтік құжаттарымен жұмыс істеуді, санитарлық тексеру актілері мен басқа да құжатарды толтыруды, ауа, су, азық-түліктерден сынамалар, құрал-жабдықтардан зертханалық тексеруге сынамаларды дұрыс алуды үйренеді.

Мамандарды жоғары  деңгейде даярлау үшін кәсіби байқаулар ұйымдастырылып өткізіледі, сонымен қатар оқу бітіретін студенттер арасында жыл сайын жүргізілетін Республикалық жылдың «Үздік гигиенист-эпидемиологі» сайысына қатысып,білім деңгейлері сарапталады.

Болашақ мамандарды даярлаумен денсаулық сақтау саласында еңбек еткен тәжірибелі мамандар, жоғары дәрежелі оқытушылар, медицина ғылымының докторы, кандидаттары  айналысады, атап айтқанда Сембаева М.К. – денсаулық сақтау ісінің үздігі, Сисенбаева К.К., Апиева Ж.И., цикл әдістемелік комиссиясының төрайымы МҒК Сарсенбаева М.З., медицина ғылымының докторлары Сейдуманов С.Т., Тезекбаева Ж.Г. және т.б.

Бітірушілерге 2010 жылдың оқу стандарты бойынша «Гигиенист-эпидемиолог» біліктілігі беріледі.

Біздің бітірген студенттеріміз Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, дезинфекция және обаға қарсы күрес станциялары, санитарлық-гигиеналық және микробиологиялық зертханалар,СӨСС орталығы қызметкерлерінің үлкен үлесін құрайды және  олар санитарлық қызметтің жетекші мамандары, дезинструктор, медстатист, лаборант  және медициналық мекемелерде эпидемиолог болып жұмыс істейді.

Перейти контентке