logos

«Лабораториялық диагностика» бөлімі

Қаз ССР Союзнаркомздрав бұйрығының негізінде  Республикалық  фельшер- акушер  мектебінде  1946 жылдың  11 ақпанынан  70 адам  білімгері  бар медициналық  лаборант бөлімі  ашылған.

Бірінші  бітірушілері  20 лаборантты құраған. (1948ж) Бүгінгі таңда, жыл сайын 70-100 клиникалық лаборанттар бітіруде.

1948 жылдан «Лабораториялық  диагностика» бөлімінен  3500 клиникалық лаборанттар бітірді.

img 7978

Қазіргі таңда бөлімде 59 жоғары  білікті  оқытушылар  жұмыс  жасайды. Оның ішінде осы мамандық бойынша  медициналық және биологиялық  ғылым  кандидаттары  бар. Олар: Доскеева Р.А, Сарсенбаева М.З.

img 7999

img 7989

 

 

Бөлімде сабақтар оқыту-практикалық аудиторияларда, заманауи лабораториялық  құралдарды  қолдана отырып, өткізіледі: Микробиологиялық, (бактерологиялық) , биохимиялық, санитарлы-гигиеналық, клиникалық  лабораториялар.

img 7979Клиникалық- диагностикалық  лабораторияларда  жұмыс  жыл  сайын  күрделенуде. Лабораториялық  зерттеулер сандық  өсумен  қатар, терең  сапалық  өзгерістерге  ұшырауда.  Медициналық  ғылым  және  техниканың дамуына  сәйкес, олар  жаңа әдістермен үздіксіз толықтырылады және әртүрлі күрделі  құралдарды қолданады.

Клиникалық- диагностикалық  лабораторияларда  практикаларға жаңаша  құралдарды енгізу,  мамандарды  сапалы  және жүйелі  түрде  жаңа құралдармен жұмыс жасауға үйрету, дайындау жоғары  дайындықты талап  етеді.

img 7991Сондықтан да, практикалық  сабақтарда   арнайы  клиникалық  жағдай анализдері  қолданылады,  білімгерлердің  өзіндік жұмысына шынайы жағдай жасалынады, негізгі  назар   кәсіби біліміне,  іскерлігіне  және орындай алуына көңіл бөлінеді.

25443321 846797038814297 1981543619900567254 n«Лабораториялық диагностика» бөлімінде жаңаша  заманауи технологиялық құралдар қолданылады:

Гематологиялық анализаторлар, спектофотометорлар, коагулолометрлер, зәр анализаторлары, тринокулярлы және бинокулярлы микроскоптар,  қанның ақтүйіршіктерін санайтын электрлі  счетчиктері, центрифугалар, электронды таразылар, жартылай автоматты биохимиялық анализаторлар,  портотивті биохимиялық анализаторлары және глюкометрлері, КФК, Пастер және муфель пештері және т.б.

kazan 111

0305000  мамандығы : «Лабораториялық диагностика»

0305013  біліктілігі: «Медициналық лаборант»

Оқу мерзімі:

11 сыныптан кейін 2 жыл 10 ай

9 сыныптан кейін 3 жыл 10 ай

Бітірушілердің  кәсіби  мамандық  ауданы:

  • клиникалық, микробиологиялық және санитарлы- гигиеналық зерттеулерді жүргізу

Республикалық  Медициналық  колледжді  бітірушілер мамандықтары бойынша , мынандай жерлерде жұмыс жасайды:

  • республикалық мекемелерде, клиникалық-диагностикалық лабораторияларда;
  • жекешеленген клиникалық-диагностикалық лабораторияларда және т.б.

Мамандықтар бойынша оқу, өндірістік практикалар Алматы қаласының көпсалалы ауруханалары мен емханаларында жүргізіледі.

img 7935

«Зертханалық диагностика» бөлімінің меңгерушісі

Ельшибаева Бибигайша Абдуллаевна

Зетрханалық диагностика
Перейти контентке