logos

«Фармация» бөлімі

23519008 1975072266098562 5465330980914685959 n

«Фармация» мамандығы Республикалық базалық  фельдшер-акушерлік мектептің негізінде 1950 жылы негізі қаланды.  Алғашында сыртай бөлім ашылып, кейінірек білімгерлер күндізгі бөлімге қабылданған. «Фармация» мамандығының сырттай бөлімінің алғашқы ұйымдастырушысы мен меңгерушісі Суликова К.С. тағайындалған. Сырттай оқу бөлімі 70 жылдарға дейін жұмыс жасады. Осы кезеңде Козлова Г.М., Попова И.М., Златопольский М.О., Тонконогий Б.И. («Фармация» өңдірістік практика бөлімінің меңгерушісі), Орехова Е.А., Опрышко Д.С., Головенко Н.Д., Кадырбаева Г.М., Смагулова М.В., Хамитова Г.Н. Меңгерушілердің әр қайсысы осы бөлімнің құрылуы мен дамуына өз үлестерін қосты.

img 7453

«Фармация» мамандығына көп еңбегі сіңген жұмыс ардагерлері: Шеремей А.А., Ибраева Ж.Ч., Санатбаева Л.Т., Орлик А.А., Богословская Н.Н., Рахимова Б.Х., Мельник Н.Л., Нуралинова А.И., Ашимова М.У., Плеханова Н.Г., Орещук Б.К., Бекбосынова Л.У., Смагулова М.В., Оразбекова А.Е.

img 8009

«Фармация» бөлімінде практикалық тәжербиесі үлкен оқытушылар жұмыс істейді. Олар фармакология, дәрілік қалыптар технологиясы, фармацевтикалық және аналитикалық химия, фармакогнозия, менеджмент және маркетинг негізіндегі фармация экономикасы мен ұйымдастырылуы, фармацевтикалық тауартану және т.б. пәндерін жүргізеді. Жоғары деңгейдегі оқытушылар білімгерлерге өз кәсібіне деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға және жоғары кәсіби жауапкершілікті түсінуге көмектеседі. Олар-Какешова Б.Т. –фармацевтикалық ғылымның кандидаты, Оразбекова А.Е.-жоғары категориядағы оқытушы, Алламбергенова З.Б.- Phd докторы , Макраева С.Н.- магистр,- практикалық денсаулық сақтау саласының тәжербиелі жұмысшылары, дәріхана ісінің меңгерушілері.

img 8015

«Фармация» мамандығы бойынша ҚР медициналық колледждерінің Одағы жанындағы оқу-әдістемелік бірлестік шеңберінде кәсіби дайындықты жетілдіру үшін жыл сайын барлық медициналық колледждердің білімгерлерінің бітіруші топтары арасында, өздерінің білім деңгейлерін сынау үшін «Үздік фармацевт» республикалық конкурстары өткізіледі. Алғаш рет бұл конкурс 2012 жылы өткізіліп, біздің колледждің түлегі жүлделі 2-ші орын алды. Біздің білімгерлер әртүрлі жарыстарға қатысады.

img 8030

img 8039

«Фармация» бөлімінің оқу базалары Алматыдағы рецепт өңдіріс бөлімдері бар ірі дәріханалар, сондай-ақ дәрі-дәрімектерді сақтау және сатумен айналысатын фармацевтикалық компаниялар болып табылады. Сол жерлерде колледж білімгерлері оқу жоспары бойынша белгіленген өңдірістік және дипломалды практикасын өтеді.

img 8025

Фармацевтикалық бөлімнің түлектері дәріханаларда, дәріханалық киоскілермен пунктарда, дәріханалық қоймаларда және фармацевтикалық өңдірістерде жұмыс істейді. Олар әрдайым сұранысқа ие.

img 7445

Мамандығы: 0306000 Фармация

Біліктілігі: 0306013 Фармацевт

Оқу мерзімі:

11 сыныптан кейін 2 жыл 10 ай

9 сыныптан кейін 3 жыл 10 ай

Қазіргі кезде бөлімде 263 білімгер оқиды.

img 7430

«Фармация» бөліміне  2017 жылдан бастап меңгерушісі ретінде жоғары категориялы оқытушы Ельшибаева Б.А. тағайындалып, бүгінге дейін Бөлім меңгерушісі қызметін атқарып келеді.

img 7935

Перейти контентке