Deputy directors

deputy1Махпирова Бибинур Акбаровна

Оқу – әдістемелік жұмыс бойынша диретордың орынбасары

1956 жылы туған. 1980 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің химия факултетін бітірген. 1988 жылдан 1998 жылдар аралығында Республикалық медицина училищесінің химия пәні оқытушысы болып істеді. 1998 жылдан бастап Орта медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерді даярлау және қайта даярлау жөніндегі республикалық колледж директорының оқу істері жөніндегі орынбасары.

«Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі»,«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгілерімен марапатталған. 

 

 

Татибекова Айжан Мусакуловна

Практикалық оқыту жөніндегі директордың орынбасары

1960 жылы туған. 1986 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын педиатрия мамандығы бойынша бітірген. 1999-2011 жылдары терапия оқытушысы болып істеген. 2011 жылдан бастап Орта медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерді даярлау және қайта даярлау жөніндегі республикалық колледж директорының практикалық оқыту жөніндегі орынбасары.

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталған.

 

 

Калмуратова Нурия Тасбаевна

Қайта даярлау және біліктілікті арттыру бойынша директордың орынбасары

1971 жылы туылған. 1996 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген. 2003 және 2004 жылдар аралығында акушерия және гинекология бойынша оқытушы болып еңбек етті.  2004-2005 ж.    РМК ақылы бөлімшесінің меңгерушісі, 2005-2007ж.    РМК акушерия және гинекология пәні  оқытушысы.

2007– 2010 жылдар біліктілікті арттыру және қайта даярлау бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 2010 жылдан бастап орта медициналық және фармацевтік мамандарды даярлау және қайта даярлау  бойынша Республикалық колледждің біліктілікті арттыру жөніндегі орынбасары. 2015 жылдың қыркүйегінен бастап үздіксіз білім беру бойынша директордың орынбасары. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі».

 

 

Саркеев Мухтар Амангельдиевич

Әкімшілік-шаруашылық жұмыстары жөніндегі директордың орынбасары

1974 жылы туған. 2005 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетті жүк тасымалдауды ұйымдастыру және басқару мамандығы бойынша бітірді. 2010 жылдан бастап Орта медициналық және фармацевтік қызметкерлерді даярлау және қайта даярлау жөніндегі колледж директорының әкімшілік-шаруашылық жұмыстары  жөніндегі орынбасары лауазымында істейді.

Алматы қаласы әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған.

  

 

saule-shakhatkyzy

Шайхина Сауле Шахатқызы

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

1986 жылы Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының «Музыка» факультетін, 2004 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Евразиялық Ұлттық университетінің «Мәдениеттану» факультетін бітірген. 1995 – 2010 жылдар аралығында көркемөнерпаздар үйірмесінің жетекшісі, «Мәдениеттану» пәнінің оқытушысы. 2010 жылдың қыркүйек айынан директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды.

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталған.