Educational department

Оқу бөлімі колледждің дербес құрылымдық бөлімшесі ретінде 2010 жылдың 31 тамызында құрылған (106-бұйрық).

Оқу бөлімінің құрылуына колледжде және бүкіл бүкіл Қазақстан Республикасында қазіргі заманғы ақпараттық мүмкіншіліктерді жаңғырту, жетілдіру және енгізу алғашарт болды (ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауына сәйкес).

 

Өз жұмысында Оқу бөлімі басшылыққа алады:

  • ҚР білім беру және денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы заңнамасы;
  • Колледж жарғысы және РМК ішкі басқа құжаттары;
  • Оқу бөлімі туралы ереже.

 

Оқу бөлімінің құрамы:

  • Бөлім басшысы;
  • Даярлау бойынша инспектор;
  • Біліктілікті арттыру және қайта даярлау бөлімшесі бойынша инспектор;
  • ААЖ маманы;
  • Тесттік бақылау маманы.

 

Оқу бөлімінің қызметі:

  • Қабылдау комиссиясынан жеке істерді қабылдаудан бастап колледж бітірушілерінің жеке істерін мұрағатқа тапсырғанға дейінгі іс жүргізу;
  • Білімгер контингентінің ағымдағы және жиынтық статистикалық мәліметтерін жинау, өңдеу және құрастыру;
  • Тесттік бақылауды өткізу.

 

Оқу бөлімі қазіргі заманғы жабдықтармен жабдықталған, олар төмендегілер:

  • Колледждің локалдық торабына қосылған Intel Core i7 процессоры базасындағы компьютерлер;
  • Автоматты беруге мүмкіндігі бар А4 форматтағы КФҚ;
  • Екі жақты басылатын және автоматты беруге лоты бар (түрлі-түсті және қара-ақ түсті басып шығаратын) КФҚ;
  • Дипломдарды толтыруға арналған лазермен күйдіріп басу әдісі мен түрлі-түсті етіп басу мүмкіндігі бар жүйеге негізделген арнайы принтер;
  • РМК ААЖ арналған жеке сервер;
  • Үлкен қызметтік мүмкіндіктері бар сымсыз клавиатуралар;
  • ТМД елдерінің және Қазақстанның білім ұйымдарының оқу бөлімдерімен бейне-кеңес сеанстарын өткізуге арналған жабдықтар;
  • Жоғарғы жылдамдықтағы интернет;
  • Қазіргі заманғы ультрабуктер;
  • Adobe corel draw, adobe autocad және басқа сондай арнайы қамтамасыз етілген бағдарламалар.

 

Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану

Оқу процесімен байланысты ақпаратты жинау, өңдеу және сақтауды автоматтандыру, сапасын арттыру және жетілдіру мақсатында Республикалық медицина колледжінде Автоматтандырылған Ақпараттық Жүйе (ААЖ РМК) енгізілді.

РМК ААЖ – күрделі кеңсе тіркеушісі қағидасы бойынша жұмыс істейтін ақпараттық жүйе ;

Енгізілген мәліметтерді сақтау қауіпсіздігі мақсатында бағдарламаны жазғандағы шарттардың бірі жүйенің сенімділігі болды.

РМК ААЖ банктік қауіпсіздік класына негізделген қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар базасында құрылған болатын.

Бұл шаралардың барлығы бағдарламаның базасына рұқсатсыз ену мүмкіндігін (тесттік бағаларды жөндеу, жиынтық тізімдікке және білімгерлер мен тыңдаушылардың жеке істеріне өзгерістер енгізуді) болдырмауға бағытталған.

 

РМК ААЖ-нің негізгі міндеттері:

  • Ақпаратты жинақтау
  • Ақпаратты сақтау
  • Ақпаратты өңдеу
  • Ақпаратты талдау
  • Ақпаратты беру

 

РМК ААЖ төмендегі модульдерден тұрады:

  1. Қабылдау комиссиясы
  2. Студенттер
  3. Қайта даярлау
  4. Тестілеу
  5. Кадрлар бөлімі
  6. Кітапхана
  7. Бухгалтерия
  8. Мәліметтер мұрағаты
  9. Әкімшілік
  10. Техникалық қызмет көрсету қызметі және т.б.