Admission rules

2015– 2016 оқу жылына

Республикалық медицина колледжіне

ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

1.  Жалпы ережелер

Колледжге қабылдау ережесінің негізі болып  Қазақстан  Республикасының 2007 жылдың 27 шілдедегі№319-III ЗРК«Білім беру туралы» заңының 4 бабы 25 тармағын  (13.02.2012жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен қосымшалары)жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың  19 қаңтарындағы № 130 қаулысымен бекітілген «Техникалық және кәсіби білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын жузеге асырушы, білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың типтік ережелері»алынады.

Қабылдау комиссиясы өз жұмысында Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын,  Орта кәсіптік білім беретін оқу орындарының қызметін ұйымдастыру Ережелерін, Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың тұрпатты ережелерін, Бірыңғай ұлттық тестілеуді ұйымдастыру мен өткізу ережелерін, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің әдістемелік ұсынымдарындағы мәліметтерін және басқа нормативтік құжаттарды басшылыққа алады.

1. Қазақстан Республикасының кәсіптік орта оқу орындарынаҚазақстан Республикасының азаматтары; шет ел азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында  тұрақты тұратын  азаматтығы  жоқ адамдар Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарымен  жасалған Қазақстан Республикасының  заңнамаларында, халықаралық шарттарда, келісімдерде, сондай-ақ келісім шарттарда қарастырылған  тәртіпте, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын, негізгі орта, жалпы орта немесе бастапқы кәсіптік білімі бар қазақ ұлтының адамдары  қабылданады.

Басқа шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар орта кәсіптік оқу орындарына Қазақстан Республикасының заңнамаларында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда белгіленген тәртіпте қабылданады.

Шетелдік білім беру ұйымдарының тарапынан ұсынылған білім беру туралы құжаттар оқытудың бірінші семестрінде тұлғалар тіркелгеннен кейін орнатылған заң тәртібінде ностификация рәсімінен өтеді.(Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министерлігінің 2008 жылдың 10 қаңтардағы №8 «Білім беру туралы құжаттардың нострификациясын мойындау ережесі» бекітілген бұйрығының негізінде.)

2. Колледжге қабылдаған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағыбекіткен «Техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгіжәнежоғарыбілімберудіңкәсіптікоқубағдарламаларыніскеасыратынбілімберуұйымдарынаоқуғатүсукезіндеқабылдауквотасынбелгілеутуралы»№ 296қаулысымен квота белгіленеді. Ол орта кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға арналып бекіткен мемлекеттік білім тапсырысының ішінде төмендегі мөлшерде:

  • І, ІІ топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек-балалар арасынан шыққан азаматтар үшін – 0,5 пайыз;
  • соғыс ардагерлеріне және соғыс мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалар үшін – 0,5 пайыз;
  • ауылдың (селоның) әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшін – 30 пайыз; (1- қосымша)
  • Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін – 2 пайыз;
  • жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін – 1 пайыз.

 

2. Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және түсу емтихандарын өткізу

3. Колледжде оқуға түсуге азаматтардың өтініштерін қабылдау, кіру емтихандарын өткізу және оқушылар құрамына кіргізу үшін 1 маусымнан кешікпей жұмысты бастайтын қабылдау комиссиясы құрылады.

4. Қабылдау туралы ережелер, сондай-ақ өтініштерді қабылдауды, кіру емтихандарының кестесін, құрамға қабылдау нәтижелері туралы ақпаратты талапкерлерге уақытында жеткізіледі.

5. Өтініштер мен құжаттарды қабылдау.

Колледжге түсуші азаматтардан құжаттарды қабылдау:

  • бюджеттік негізде 2015 жылдың 20 маусымында басталып 20 тамыз аралығында қабылданады;
  • талапкерлер түсуемтихандарына (тестілеутүрінде) тапсыру үшін өтініштерін 2015 жылдың 20 маусымынан бастап 31 шілде аралығында тапсыру қажет;
  • ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) сертификаттары немесе жоғары оқу орнына түсу үшін кешенді тестілеу нысанында өткізілген қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша берілген сертификаттары бар талапкерлер өтініштерін  2015жылдың 20 маусымынан бастап 20 тамыз аралығында тапсырады.
  • ақылы негізде 2015 жылдың 20 маусымынан 20 тамыз аралығында іске асырылады;

6. Негізгі жалпы, орта жалпы, бастапқы кәсіптік білімі бар азаматтарды колледжге қабылдау олардың өтініші бойынша іске асырылады.

7. Колледжге қабылдау туралы өтінішке білімі туралы құжат (түпнұсқасы), №086-У формасы бойынша медициналық анықтама (І-ІІ топтағы мүгедектер және бала шағынан мүгедектер үшін – медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясының қорытындысы), 3*4 көлемдегі 6 фотосурет, ағымдағы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысушылар үшін ҰБТ-ге қатысу нәтижесі бойынша берілген баллдары көрсетілген сертификат қоса тапсырылады.

Оқуға түсушінің тұлғасын куәландыратын құжаттар жеке ұсынылады.

а) шетелдік – Қазақстан Республикасында мекендеу қағазы;

б) азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ куәлік;

в) босқын – босқын куәлігі;

г) баспанасы жоқ тұлға – баспанасы жоқтұлға куәлігі;

д) оралман- оралман куәлігі.

8. Кешенді тестілеу (жоғары оқу орындарына түсу үшін ағымдағы жылы кешенді тестілеуге қатысқан өткен жылдар түлектері) немесе нәтижелері туралы сертификатын тапсырған (ағымдағы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан жалпы орта білімді бітірушілер) азаматтар оқуға түсу емтихандарынан босатылады және міндетті түрде 15-тармақта көрсетілген шарттарға сәйкес конкурсқа жіберіледі.

Бірыңғай ұлттық тестілеуге қатысу нәтижелері туралы сетификаты бар тұлғалардан құжат қабылдау және конкурсқа жіберу таңдаған мамандығы бойынша бейіндік пәннің сертификатта көрсетілуі есепке алына отырып іске асырылады. Колледжге түсушілер үшін мамандықтар бойынша міндетті бейіндік пәндер тізбесі қоса беріліп отыр (2- қосымша).

Өтілі бар азаматтар еңбек кітапшасының бекітілген көшірмесін қоса тапсырады.

Оқытудыңнысандарыбойыншажәнешарттық (ақылы) негіздеоқуғатүсушілердіңөтініштеріжекетіркеледіжәнеескеріледі.

9. Түсуемтихандары:

  • бюджеттік негізде 2015 жылдың 1 тамызынан 7 тамыз аралығында;
  • ақылы негізде 2015 жылдың 10 тамызынан 20 тамыз аралығында өткізіледі;

10. Түсу емтихандары:

  • орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша және жалпы орта, мамандық бейне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік білімі бар оқуға түсушілер үшін үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) өткізіледі;
  • негізгі жалпы білімі бар оқуға түсушілер – негізгі жалпы білімнің оқу бағдарламалары көлемінде 2 пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пән);

МамандықтыңбейіндікпәніосыЕреженің 2-қосымшасынасәйкесанықталады.

а) “Емдеу ісі”, “Медбикелік іс”,“Ортопедиялық стоматология”,  “Лабораториялық диагностика”,“Гигиена және эпидемиология” мамандықтары үшін орта жалпы білім негізінде (11 сынып) келесі пәндерден өткізіледі:

  • қазақ немесе орыс тілі;
  • Қазақстан тарихы;
  • биология;

Бейіндеуші пән – биология.

«Ортопедиялық стоматология” мамандығы  бойынша қол икемділігі дағдысын анықтау  (сурет салу) бойынша қосымша емтихан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 1993 жылғы 27 мамырындағы №219 бұйрығымен бекітілген бағдарлама бойынша жүргізіледі.

б) “Фармация” мамандығы үшін орта жалпы білім негізінде (11 сынып) келесі пәндерден өткізіледі:

  • қазақ немесе орыс тілі;
  • Қазақстан тарихы;
  • химия;

Бейіндеуші пән – химия.

в) “Емдеу ісі”, “Медбикелік іс”, “Ортопедиялық стоматология”,  мамандықтары үшін негізгі мектеп базасында (9 сынып) қабылдау емтихандары келесі пәндер бойынша болады:

  • қазақ немесе орыс тілі (диктант);
  • биология (ауызша);

Бейіндеуші пән – биология.

Кіру емтихандарының пәндер бойынша қорытындылары «5» (өте жақсы), «4» (жақсы), «3» (қанағаттанарлық), «2» (қанағаттанарлықсыз) болып бағаланады.

11. Колледжге түсушілер түсу емтихандарын қазақ  немесе орыс тілінде тапсыруға құқығы бар.

12. Түсу емтихандарын өткізу:

а) тестілеунысанындаәрбірпәнбойыншатестілеутапсырмаларыныңсаны25 болыпбелгіленеді. Әрбіртесттапсырмасыныңдұрысжауабы 1 балменбағаланады. Тестілеугеүшпәнбойынша 2 сағат15 минут.Дұрысжауаптаркодытестілеуаяқталасалысыменілінеді. Тестілеунәтижелерісолөткізілгенкүніхабарланады;

б) арнайы немесе шығармашылық емтихандарында алынған «3», «4», «5» бағаларын   қабылдау комиссиясы тиісті баллдар санына көшіреді. Бағаларды көшіргенде төмендегі бағалар шәкілін пайдалану ұсынылады: «3» бағасы – 8 балл, «4» – 17 балл ,  «5» – 25 балл. 

в) талапкердің екі пәнінен алған баллдарының жиынтық саны 25баллдан аз болса, онда жауабы «екі» болып бағаланады. Кешенді тестілеу кезінде 35 баллдан төмен алған азаматтарды оқушылар құрамына енгізуге болмайды.

13. Бірегей талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және тестілік тапсырмаларды және пәндер бойынша емтихандарды бағалау кезіндегі таласты мәселелерді шешу, және кірушілердің құқықтарын қорғау мақсатында оқу орнында шағымды қарайтын комиссия құрылады.

Кешенді тестілеудің немесе пәндер бойынша емтиханның нәтижелеріне наразы азамат шағым жазуға құқығы бар.

Шағым қабылдау комиссиясына кіру емтихандарының нәтижелері хабарланғаннан кейін бір тәулік ішінде беріледі және одан кейін шағым комиссиясы шағымданушының қатысуымен шешім қабылдайды.

14. Тестілеуді немесе пәндер бойынша кіру емтихандарын қайта тапсыруға болмайды.

 

3. Құрамға енгізу тәртібі.

15. Азаматтарды колледж оқушыларының құрамына енгізу бақталастық негізде кіру емтихандарын бітіргеннен кейін 25 тамыздан 30 тамыз аралығында өткізіледі.

  • ағымдағы жылда өткізілген Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) нәтижелері бойынша берілген сертификат баллдары негізінде;
  • ЖОО түсушілер үшін кешенді тестілеу формасында өткізілген кіру емтихандарының нәтижелері бойынша берілген сертификат баллдары негізінде;
  • пәндер бойынша өткізілген кіру емтихандары нәтижесінде алған баллдары (бағалары) немесе колледж өткізген тестілеу баллдары негізінде өткізіледі.

Конкурс өткізген кезде үш пәннен алған баллдарының жиынтығы осы Ережелердің 10 пунктіне сәйкес ҰБТ немесе колледждегі кешенді тестілеу нәтижелері есепке алынады.

Үш пәннен 35 баллдан төмен алған жалпы орта білімі барлар (оның ішінде мамандығы бойынша бейіндік пәннен 7 баллдан төмен) конкурсқа қатысуға жіберілмейді; екі пәннен 25 баллдан төмен алған жалпы негізгі білімі барлар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

16. Оқушылар құрамына енгізу туралы қабылдау комиссиясының шешімі конкурс  нәтижелері бойынша қабылданады.

Конкурсқа жіберілетіндер:

  • үш пән бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері бойынша 35 баллдан кем алмаған мемлекеттік сертификаты бар жалпы білім беретін мектептердің осы жылғы бітірушілері;
  • оқу орнында кешенді тестілеу кезінде үш пән бойынша 35 және одан артық балл алғандары;
  • оқу орнында өткізілген кіру емтихандарынан екі пәннен 25 баллдан кем алмағандар.

17. Көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, басымдық құқыққа ие болатындар(растайтынқұжаттарболғанжағдайда):

  • ата-анасының қамқорысыз қалған жетім балалар;
  • І – ІІ топ мүгедектері;
  • медициналық-әлеуметтіксараптаматұжырымынасәйкесоқуорындарындаоқуғақайшыкелмейтінбалакезіненмүгедектер, мүгедекбалалар;
  • үздік білімі туралы құжаты бар азаматтар (куәліктер, аттестаттар, дипломдар);

2015 жылғы Қазақстан Республикасының мемлекеттік колледждеріне қабылдаудың негізгі ережелеріне сәйкес құрамға енгізілуге жеңілдікпен пайдалануға құқығы бар адамдар құжаттарын емтиханға дейін әкеліп тапсырады.

Жалпы конкурс бойынша колледжге талапкерлердің кіру емтихандарын табысты тапсырған басқа барлық категориялары өздерінің алған баллдарына сәйкес жалпы конкурс бойынша құрамға енгізіледі.

18. Колледж құрамына енгізу қабылдау комиссиясының ашық мәжілісінде мамандықтар және оқу тілі бойынша бөлек конкурстық негізде өткізіледі.

19. Конкурстан  өте алмаған талапкерлерге қабылдау емтихандарының нәтижелері туралы анықтама беріледі.

20. Осы оқу орнына барлық емтихандарды табысты тапсырғандарды құрамға енгізіп болғаннан кейін, басқа колледждер (училищелер) және жоғары оқу орындарына (ЖОО) конкурстан өте алмаған, белгіленген үлгідегі мемлекеттік сертификаттары бар кешенді тестілеуден өткен адамдарды бос орындарға қабылдауға комиссиясының  құқығы бар.

21. Колледж денсаулық Министірлігінің ғылым және адами ресурстар департаментіне статистикалық есеп және құрамға енгізуді өткізгеннен кейін он күн мерзімінде –оқушылардықабылдауды ұйымдастыру және жүргізу бойынша тексттік есеп жіберіледі.

22. Колледжге қабылдауғa байланысты осы қабылдау ережелерінде қарастырылмаған басқа барлық мәселелерді қабылдау комиссиясы өзінше және түпкілікті шеше алады.

 

Колледждің қабылдау комиссиясының мәжілісінде 2015 жылдың 30 мамырында әзірленді және бекітілді.