Научно-методический центр

Махпирова Б.А. – Әдістемелік Кеңес төрайымы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Нұрланова Р.Б. – ҚР медицина колледждерінің кеңесшісі

Абжанова Ж.С. –  ҒӘО-тың жетекшісі

Сахишева С.Ш. – әдіскер

Қырықбаева М.Ш. –әдіскер

Болашақ медицина қызметкерлерін оқытуда әдістемелік жетекшілікті тәжірибелі педагогтар мен әдіскерлер жүргізді.

1974 жылға дейін мекеменің штаттық кестесінде әдіскер лауазымы болмады. Училищенің бірінші әдіскері болып «математика» пәнінің оқытушысы, 1974-1982 жылдар аралығында қызмет атқарған Липатова М.В. тағайындалды;1982-1985 жылдарда әдіскер лауазымын Орещук Б.К. жүргізді; 1985-1986 жылы бұл қызметті «Педиатрия» пәндері комиссиясының төрайымы Айталиева М.Ж. атқарды.

1986-19945 жылдары әдістемелік жұмысты «химия» пәнінің оқытушысы Тәшенова М.Ж. басқарды. Осы аралықта медициналық мамандықтарды педагоикалық әдіспен жүйелеудежәне кәсібилендіруде үлкен жұмыс жүргізілді. Оқытушыларды педагогикалық әдістерге үйрету ғылыми тұрғыдан қарастырыла бастады, семинарлар өткізіліп, Алматы Мемлекеттік педагогикалық Университетінің профессоры Нұғыманова М.Н. жетекшілігімен тәжірибелі оқытушылар тартылған конференциялар өткізілді. Бірмезгілде тәжірибелі және клиникалық пәндер оқытушыларымен ашық сабақтар өткізілді және әр сабақты әдістемелік және кәсіби тұрғыда талдау клиникаға дейінгі және клиникалық пәндерді  практикалық түрде жүргізе алуға септігін тигізді.

 

1994 жылдың қыркүйек айынан бастап колледждің оқу-әдістемелік орталығының меңгерушісі лауазымына «Гигиеналық пәндер» Цикл әдістемелік комиссиясының төрайымы Сахишева С.Ш. тағайындалды.

1997 жылдан оқу орындарының және практикалық денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысын шектейтін құжаттар дерегін құру және жүйелеуге үлкен үлес қосқан әдіскер Попова Т.П. болды. 

Тәжірибелі клиникалық пәндер оқытушылары мен әдіскер-педагогтардың ынтымақтастығы  оқытушылық шеберлікті ары қарай жетілдіруге, бірінші жүйеленген оқу-әдістемелік жинақтардың басылып шығуына әсерін тигізді. Педагогтар мен клиникалық пәндер оқытушылардың оқу құралдарықазақ тіліне аударылып, әдістемелік нұсқаулықтар құрастырылды. Осындай үлкен жұмыстың қорытындысы ретінде 1992 жылы «Мейірбике» мамандығы бойынша орыс және қазақ тілдерінде барлық клиникалық пәндерге арналған жинақтың шығарылуы болды. ЦӘК-да қазақ тілінде оқытудың сапасын арттыру мақсатында лекциялық материалдардың бірыңғай жинақтары, граф-құрылымдыққ жинақтар, жағдаяттық есептер өңделіп, болашақ мамандардың білімін объективті түрде бағалау үшін, қорытынды білім беруді бақылау әдісі ретінде тестілеу әдісі кеңінен енгізіле бастады.

1996 жылдарынан бүгінгі күнге дейін оқу-бағдарламалық құжаттар мен оқу бағдарламаларын жетілдіру үшін көптеген жұмыстар жүргізіліп келеді. 1997 жылы «Стоматология» мамандығы біліктілігі «Дантист», «Ортпедиялық стоматология» біліктілігі «Тіс технигі» және «Лабораториялық диагностика» біліктілігі «Дәрігер-лаборанттың көмекшісі» мамандықтарына жаңа оқу жоспары және оқу бағдарламаларының жинақтары құрастырылды. Бұл жұмыс Нұрланова Р.Б. басқарған Республикалық оқу-әдістемелік орталығымен (РОӘО)  үйлестірілді.

Оқу-әдістемелік процессті жетілдіруде алыс және жақын шетелдермен халықаралық ынтымақтастық маңызды рөл атқарды.

Оқу-әдістемелік үдерісті жетілдіруде алыс және жақын шетел мемлекеттерімен халықаралық ынтымақтастық орнату елеулі үлес қосты. Денсаулық сақтаудың Американдық Халықаралық Одағының (ДАХО) және АҚШ-тың халықаралық Даму Агенттігінің (ЮСАИД) көмегімен Республикалық медицина колледжінің базасында оқу-ақпараттық мейірбикелік орталық құрылды.ДАХО-мен әріптестіктің арқасында орталық белгілі бір деңгейде техникамен, кітапханамен, Интернетпен жабдықталды.

DFID қорының қолдауымен Бристоль қаласында орналасқан Бристоль Университетінің дәрігерлік және әлеуметтік қызмет факультетімен нәтижелі әріптестік орнатылды. Мегги Соерсет ханым бастап келген осы университеттің оқытушылары мейірбикелерді дайындау ісі бойынша тәжірибе алмасу мақсатымен біздің колледжге келді. Брстоль Университетінің оқытушылары жаңа технологиялар мен мамандарды дайындаудың сапасын бақылау әдісі бойынша лекциялар курсын оқыды. Колледждің екі оқытушысы осы мақсатпен Бристоль Университетіне барып қайты. RIP бағдарламасы бойынша Бристоль Университеті мен Республикалық медицина колледжі Қазақстанда отбасылық мейірбикелерді дайындау жөніндегі жобасын жасауда бірлесіп жұмыс істеді.

Республикалық «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік ұйымдарда мамандардың біліктілігін көтеру және кадрларды қайта даярлаудан өткізу» бюджеттік бағдарлама аясында колледждің 6 түлегі 2005 жылдың 31 тамызынан 2006 жылдың 31 қаңтарына дейін Израиль мемлекетінің клиникаларында біліктіліктерін көтеріп қайтты.

Колледждің республикалық мәртебесін ескере отырып және оқу-әдістемелік жұмыстарды жетілдіру мақсатында, сондай-ақ мамандарды даярлау сапасын арттыру үшін шығарылған оқу-әдебиеті мен оқу-әдістемелік материалдарды рецензиялайтын оқу-әдістемелік орталық 2009 жылдың қарашасында Ғылыми-әдістемелік орталық (ҒӘО) болып қайта құрылды.ҒӘО құрамына орталықтың жетекшісі болып Сахишева С.Ш., әдіскерлер ретінде Қырықбаева МШ., Толстых Н.В. және шағын баспахана қызметкерлері Абдуллаева З.Т. мен Миталипова Р.Т. кіреді.

2009-2010 оқу жылында Республикалық медициналық колледжінде әлеуметтік бағдарламаны оқу шеңберінде елімізде алғашқы болып 16 зағип студент «Мейірбике» мамандығы, «Массажист» біліктілігі бойынша оқуға қабылданды.

Колледждің ҒӘО-ы «ҚР медициналық колледждері арасындағы үздік түлек» атты бірінші Республикалық байқауды (ҚР ДСМ –нің жоспары бойынша) ұйымдастыруға және өткізуге тікелей ат салысты.

ҚР ДСМ –нің реттеуші құжаттарының негізінде Республикалық медициналық колледж Республикалық байқаудың үйлестірушісі ретінде келесі дайындық жұмыстарын жүргізді:

  • екі тілде 500 тапсырмадан тұратын тестік жұмыстары;
  • Республикалық байқау мүшелеріне арналған сауалнама;
  • байқауды өткізу бағдарламасы.

 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен келісілген «Қазақстан Республикасы медициналық колледждері арасындағы үздік түлек» Республика байқауының Ережесінің негізінде байқауға ҚР медициналық колледждерінің «Емдеу ісі», «Акушерлік ісі», «Мейірбикелік ісі»  мамандықтары бойынша бітіруші түлектері қатысты.  Байқау мақсаты – Қазақстан Республикасының медицина колледждерін бітіретін білімгерлердің дайындық деңгейін анықтау.

2011 жылдың 13 мамырында колледжіміздің базасында «Тіс технигі- 2011» Республикалық байқауы өтіп, ол байқауға Қазақстан Республикасының 9 медицина колледжінен 22 түлек қатысты. 1-орынды Республикалық медицина колледжінің «Стоматология» мамандығының түлегі Ықынов Айбол иеленіп, Алмания еліне арналған жолдаманы ұтып алды.

Республикалық медицина колледжінің оқытушыларының кәсіби және арнайы пәндер бойынша оқу әдебиеттеріне деген қажеттілігіне сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде оқу құралдары рецензиядан өтіп, баспаға тапсыруға дайындалды. Келесі аталған оқу құралдары 2011 жылы баспадан шығарылып, тұсаукесері өткізілді:

  1. «Патологиялық анатомия» – «Емдеу ісі», «Акушерлік ісі», «Мейірбикелік ісі» мамандықтары бойынша оқыитын студенттерге арналғаноқу құралы. Авторлары: жоғары санатты оқытушы Есімбекова Р.И., жоғары санатты оқытушы Жанғозина М.С.;
  2. «кесте және схема түріндегі биохимия» – «Лабораториялық диагностика» мамандығына арналған оқу құралы, авторлары: жоғары санатты оқытушылар: Қыдыржанова А.А., Алиева З.Т.;
  3. «Педиатрия» –  «Емдеу ісі», «Акушерлік ісі», «Мейірбикелік ісі» мамандықтары студенттеріне арналған оқу құралы, авторлары: жоғары санатты оқытушылар: Баймуханова Х.Х., Мушрапилова Ф.А.;
  4. «Мейірбике ісі негіздері» – «Мейірбике ісі» мамандығы студенттеріне арналған мейірбике технологиялары стандарттар жиынтығы, авторлары: м.ғ.к. Нурманова М.Ш., Матакова Ж.Т., Бейскулова Э.Т.

 

 

Оқу құралдары Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарттарының (МЖМБС) мазмұны мен талаптарына сәйкес құрастырылған, мамандардың рецензиясынан өткізілген, ЦӘК мәжілістерінде қарастырылған және Әдістемелік Кеңеспен мақұлданған.

Қазақстандағы медициналық және фармацевтік білім беруді дамытудың Концепциясының жобасына қатысты ұсыныстар дайындады.

«Медицина кколледждерінде оқытудың негіздерінің» үлгілік бағдарламасы және Қазақстан медицина колледждерінің директорларының орынбасарларына арналған біліктілікті көтеру циклі бағдарламасы дайындалды.

            «2012 жылғы Қазақстан медицина колледждерінің ең үздік оқытушысы» бекітілген Республикалық байқауының Ережесіне сәйкес әдіскерлер байқау комиссиясының құрамына кіргізіліп, 5 клиникалық пән бойынша цикл ішіндегі және колледж ішіндегі ақтық байқауға қатысып, ең үздік оқытушы ретінде «Балалар аурулары» пәнінің оқытушысы Ф.А. Мушрапилованы анықтады.

Колледжде қаңтар айында дәстүрлі педагогикалық оқуларын өткізу дәстурге айналған

Педагогикалық оқуларда үздік жұмыстар 4 номинация бойынша анықталады:

  1. Оқу үдерісіне интерактивті инновациялық оқыту әдістемелерін енгізу;
  2. Практикалық оқытуға қазіргі технологияларды енгізу;
  3. Үздік заманауи технологияларды енгізу;
  4. ЦӘК оқытушыларының белсенді қатысулары.

 

 

ҒӘО –тың қатысуымен оқу-әдістемелік бірлестіктерде «Қазақстан медицина колледждерінің Одағы» Заңды тұлғалар бірлестігінің (ЗТБ – ОЮЛ) ұйымдастыруымен медициналық колледждерді түлектерінің қызметін бағалайтын және мамандықтар бойынша 2010 жылғы МЖМБС –ның мазмұнына сәйкес келетіні жөнінде талдау жасайтын кәсіби стандарттарды дайындау бойынша үлкен жұмыс атқарылды.

            Тұтастай алғанда, ҒӘО-тың жұмысы «Қазақстан медицина колледждерінің Одағы» Заңды тұлғалар бірлестігінің жоспарына сәйкес жүргізілді. 2011 жылдың қыркүйек айынан бері Одақтың жанынан 6 оқу-әдістемелік бөлім құрылды және оқу-әдістемелік кеңес ашылды. 9 жылжымалы мәжіліс және 7 мәжіліс селекторлық режимде өткізілді.

            Тоқсан сайын шығатын «орта медициналық және фармацевтік білім беру мәселелері жөніндегі ақпараттық жаршы» журналы шығарылуда. Жорнал атауы 2012 жылдың қаңтар айынан бастап «Мейірбике ісінің мәселелері бойынша ақпараттық жаршы» болып өзгертілді.

Қазақстан медицина колледждері оқулықтармен, оқу құралдарымен қаншалықты қамтамасыз етілгенін анықтау үшін мамандықтар кескіндемесі бойынша мониторинг жүргізілді.

Мамандарды сапалы дайындауда  оқу үдерісін жетілдіру бойынша жұмыстар атқарылып келеді.