Monitoring center of practical skills

Мониторинг орталығының құрылымына орта медициналық және фармацевтік қызметкерлердің біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлау бойынша мемлекеттік  стандарттарына сәйкес,тыңдаушылар мен болашақ мамандардың даярлықтары бағаланатын, зертханалық және клиникаға дейінгі практика бөлмелері енгізілген.

Барлық бөлмелер қажетті заманауи тренажерлермен, манекендермен, медициналық құрал-жабдықтармен және құралдармен, желіге қосылған аудио-бейне аппаратуралармен жабдықталған. Орнатылған жасырын бейнекамера мен сезгі микрофон арнайы бөлмеде – «оператор бөлмесінде» не болып жатқанын бақылауға және естуге мүмкіндік береді.

Концепция мақсатының бірі оқу-әдістемелерін белсенді енгізуді жалғастыру мен клиникалық оқуда симуляциялық технологияларды пайдалану және стандартталған пациентті енгізу.

Дүние жүзінде «стандартталған пациент » әдісі кең қолданылуда.

Концепцияға сәйкес   келесі мамандықтар «Емдеу ісі », «Мейірбике ісі»,пәндер( мейірбике технологиялар негізі, ішкі аурулар, акушерия  және гинекология, хирургия, балалар аурулары ) бойынша аралық  және  қорытынды  аттестациялауда «стандартталған пациент»  әдісін енгізу тәртібін  белгілеген.

«Стандартталған пациент» – бұл арнайы дайындалған, аурудың белгілерін нақты орындайтын актер. Науқас – актер стандартты шағымдарды айтады және аурудың стандартты клиникалық белгілерін орындайды.

Сонымен қатар  заманауй  робот-симулятор , яғни «симуляциялық  пациент» тәжірибелік сабақтарда  қарқынды қолдануда

Білімгерлердің клиникалық дағдыларын пысықтау  және оны бағалауда «стандартталған пациент» әдісін  практикаға енгізу бірыңғай жағдай туғызады.