Dentistry

 

70 жылдардың ортасында Республикада халыққа  стоматологиялық көмекті жақсартудың қажеттілігі туындады. Республикалық медицина училищесінде денсаулықсақтау министрлігінің бұйрығымен тіс технигі бөлімі ашылды. Бірінші 11 сынып базасында екі топ қабылданды, топтар фармацевтика бөлімінің құрамында болды.

1998-1999 оқу жылы алғаш рет мемлекеттік тілде оқытылатын «Стоматология ісі»  және «Ортопедиялық стоматология» мамандықтары бойынша топқа  білімгерлер қабылданды.

1999 жылдың мамырында РМК базасында «Ортопедиялық стоматология» мамандығын бітіруші топтар арасында «Тіс технигі-99» атты І Республикалық сайыс өткізілді. Бұл сайыста біздің колледждің білімгері Юн Артем І орынды иеленді.Бұл сайысты  жыл сайын өткізу дәстүрге айналды. Сайыста колледж білімгерлері үнемі жүлделі орындарды иеленеді.

Бөлім құрылғаннан бері 1654 адам тіс технигі (оның ішінде қазақ тілінде-257), тіс дәрігерлері-127, стоматолог ассистенттері-37, дантистер-105 адам (оның ішінде қазақ тілінде-12) бітіріп шықты.

Әр жылдары бітірген біздің колледж түлектерінің туған оқу орнына оралып, оқытушы болып қызмет жасайтыны көңілге қуаныш ұялатады. Қазіргі уақытта бөлімде «Тіс технигі» біліктілігімен «Ортопедиялық стоматология» мамандығы бойынша мамандар дайындалуда. Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Сабақты жоғары және бірінші санаттағы оқытушылар жүргізеді.

2010-2011 оқу жылынан бастап жаңа оқу стандарты бойынша сабақ өткізіледі, бөлім оқытушылары әзірлеме дайындауда бір кісідей ат салысты.

Тәжірибелік сабақтарын өткізуді жабдықтауды жақсартуда  жапон гранты бойынша құрылғылар мен оқулықтар көп жәрдем берді.Соның арқасында стоматология кабинеті, құю цехы заманауи қондырғылармен жабдықталды, оқу бағдарламасына металлокерамиканы дайындау бойынша тәжірибелік сабақтары енгізілді.

 

dentis-2

 

 

Көруге арналған үлкен айна және газды горелка, аспалы шаңсорғыш, қозғалмалы жарықтар, электрлі шпателдермен жабдықталған 65 дана тіс техникалық стөлдер сатып алынды.

 

 

Өндірістік-оқу және өндірістік тәжірибе кезінде білімгерлер Алматы қаласындағы ЕАМ –де, тәжірибелі дәрігер-стоматологтар мен тіс техниктердің басқаруымен тіс протезін дайындайды.

 

 

Стоматология қызметінде қазіргі заманауи технологиялар жоғары білікті мамандарды дайындауды талап етеді. Сондықтан бөлім оқытушыларының алдында жаңа буынды мамандарды дайындауда үлкен міндеттер тұр. «Ортопедиялық стоматология» мамандығын бітірген түлектер бәсекеге қабілетті болумен қатар менеджер, экономист және салауатты өмір салтын ұстана білуі қажет. Осы үшін жаңа оқу стандарттарында кәсіби этика мен деонтология және валеология  курстары қарастырылған.