General medicine

«Акушер» біліктілігімен мамандарды дайындау 1937 жылдан бастап, ал «Жалпы тәжірибелі фельдшер» біліктілігімен мамандарды дайындау 1940 жылдан бастап жүргізіліп келеді. «Емдеу ісі» мамандығы тарихында мамандық біліктілігінің өзгеріп отырғанын атап көрсету керек. Соғыс жылдарында дәрігерлердің жетіспеушілігіне байланысты үш жылдық дайындық курстары 1,5 жылға қысқарды, оқуды аяқтаған бітірушілер «Әскери фельдшер» біліктілігін алып майданға жіберілді. 1954 жылы 24 бітіруші Фельдшер –емдеуші» біліктілігін алды. Одан кейінгі жылдары «Жалпы тәжірибелі фельдшер»  және «Жалпы тәжірибелі акушер» біліктіліктері болды. 2010 жылы ҚР Мемелкеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес «Емдеу ісі» мен «Акушер ісі»  мамандықтары «Емдеу ісі» мамандығына біріктірілді.

 Соғыс жылдарынан кейінгі 1946 жылдан бастап «Фельдшер» бөлімін Козлова Гута, «Фельдшер – акушер» бөлімін И.О Рутковский басқарды .1954 жылы тамызда Қазақ СРО Үкіметтік Қаулысымен акушер мектебі Республикалық медицина училищесі болып қайта құрылды.  

1960 жылы     Г.С Зияшев кешкі «Фельдшер» бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.

1973 жылы Р.С Нугманов «Фельдшер» бөлімінің меңгерушісі қыметін істеді. 1975 жылы колледж қазіргі ғимаратта жұмысын бастады (бұрыңғы 8март , қазіргі Қалдаяқов).

1977 жылы фельдшер – акушер бөлімін Кашляк Лидия Григорьевна басқарды. Ол Иркутск медицина институтын тәмамдап, Қостанай қаласындағы Қалалық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етті. 1951-1953 жылы Қостанай босану үйінің бас дәрігері болды. 1958 жылдан бастап Клиникалық ординатураны бітірген соң     «Акушерст»  ЦӘК төрайымы қызметін атқарды . Корпусенко Тамара Васильевна – 1978 жылдан бері “Акушер ісі” бөлімін басқарды. Алматы мемлекеттік  Медицина институтын бітірген. Колледжде жұмыс жасап жүрген кезде  студенттік ғылыми үйірмені басқарып,1993 жылы ҚР Ғылым Академиясында өткен ЮНЕСКО конференциясына қатысқан.

1985 жылы «Фельдшер» бөлімін басқарған  Акуминко Л.Н

1985 жылы «Акушер»  бөлімін басқарған Мендібаева К .Н

1988 жылы «Фельдшер-акушерлік» бөлімі “Акушерлік бөлім” және “Фельдшерлік бөлім” болып екіге бөлінді . 1989 жылы бөлім “Емдеу ісі” атанып онда 180 білімгер оқытылды . Осы жылы колледжде алғаш рет қазақ топтары ашылды. 1996 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен  Республикалық орта медицина қызметкерлерін даярлау және қайта даярлау Республикалық Колледжі болып құрылды .

2009 жылға дейін «Акушер ісі» бөлімін Хамитова Гулжиян Ниязбековна басқарды .

2004 жылға дейін “Емдеу ісі” бөлімін Козеева С.С , Карагубенова Л.А, Тапенова Айгерим Арсеновна басқарды .

2004-2005 жылдары “Емдеу ісі” бөлімін Татибекова Айжан Мусакуловна, орыс бөлімін Смагулова Мария Васильевна басқарды .

Татибекова А.М 1986 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген .

1986 -1987 жылдары көпсалалы облыстық аурухананың интернатурасында, 1987-1998 жылдары Талғар аудандық ауруханасында қызмет артқарды .

1999 жылдан бері Республикалық Медицина колледжінде Терапия ЦӘК-де , 2001-2002 жылдары ЦӘК төрайымы болып жұмыс істеді .

2004-2011 “Емдеу ісі” қазақ бөлімін басқарды .

Смагулова Мария Васильевна – 1979 жылы Алматы Мемлекеттік Медицина институтын бітірді . Оқуды бітірген соң Екібастұз қаласындағы аудандық дәріхананың меңгерушісінің орынбасары болды .

1991-1994 жылдары ҚР Республикалық дәріхана басқармасында, 1997-1998 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде лицензиялау  бөлімінде, 1998-2000 жылдары дәрі – дәрмек лицензиялау бөлімінде қызмет жасады.

2000 жылдан бері РМК да қызмет істейді . Емдеу ісі бөлімін басқарды.

2011 жылдан бері “Емдеу ісі” қазақ бөлімін Зейнолдина Бағдагүл Қажыкеновна басқарады .

1993 жылы Қарағанды Мемлекеттік Медицина институтын бітірген .

1993 – 2005 жылдары денсаулық сақтауда терапевт- дәрігер болып жұмыс істейді. 2005 жылдан бері РМК-де оқытушы ,

2010 жылы «Жалпы медицианлық пәндер» ЦӘК төрайымы қызметін атқарады .

Алибекова Ляззат Джанибековна  – С.Д Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетін бітірген .Колледжде 2003 жылдан бері жұмыс істейді .

2007-2008 жылдары тәжірибелік оқыту бойынша меңгеруші болды . 2011 жылдан бері “Емдеу ісі” бөлімін басқарады .”Емдеу ісі” бөлімінде 110 штаттық оқытушы қызмет жасайды .

“Емдеу ісі” мамандығы бойынша білім алып жатқан оқушылардың саны 857 , оның ішінде мемлекеттік тілде 455, топ саны – 36. 2011 жылдан бері үкіметаралық келісім бойынша РМК-ға Ауғаныстаннан 14 білімгер , ал 2012 жылы 9 білімгер қабылданды. 2010 жылы Жаңа Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарға сәйкес  “Емдеу ісі” мамандығының құрамына «Акушер» біліктілігі мен «Фельдшер» біліктілігі кіреді.

0301000 Емдеу ісі , 0301013 Фельдшер , 0301023 Акушер біліктілігімен оқу бағдарламасының мазмұны мен уақыты, көлемі “Жалпы медицина мамандығы” бойынша жоғарғы медицина оқу орындары 1 курс бағдарламаларынан бастау алады ;

Кәсіптік қызметке сәйкес оқытылатын жалпыкәсіптік пәндер ;

Біліктілік деңгейін есепке ала отырып кәсіптік құзырлық негізін құрайтын негізгі пәндер ;

Стандарт төмендегі принцптерді жүзеге асыру үшін құралған;

Білім мазмұнын пәнаралық ұйымдарын біріктіру;

Бітірушілердің клиникалық ойлау мәдениетін қалыптастыруға бағытында;

Мамандардан жеке тұлға қалыптастыру;

Білім ұйымдарында жаңашылдық мінез қалыптастырады.

Білімгерлік жедел көмек қабілетінің тәжірибелік білімдерін Мейірбике ісі негіздері, «Хирургия», «Терапия», «Акушерия» және «Гинекология» пәндері бойынша үйретеді .

2012 жылы алғашқы рет “Стандартты науқас” әдісі енгізілді .Мақсат бітірушілердің өздігімен жұмыс жасауларына кәсіптік бақылау жасау .

 Тәжірибелік жұмысқа көп көңіл бөлінеді. Бұл жұмыстың негізгі бағыты кәсіби тәрбиелеу болып табылады. Колледжі бітірушілермен кездесулер болып тұрады .

 Колледжде білімгерлер Кеңесі үлкен жұмыс атқарады . Бөлім меңгерушілері Кеңестің белсенді мүшелері , оқушылармен біріге отырып олар жарыстар , КВН , дебаттар , спорттық шаралар өткізіп тұрады .

 

Колледжде білімгерлердің шығармашылық жұмысына үлкен жағдай жасалынған , оларды тек мамандығына ғана дайындамай  жеке тұлға ретінде қалыптастыруға мүмкіндік жасалынған .

Біздің колледж түлектері жедел медицианлық көмек көрсету станцияларында , ғылыми-зеттеу институттарында , босанатын үйлерде , әйелдер концультацияларында , ФАП, СВА , әскери госпитальдарда, басқа медициналық ұйымдарда қызмет жасайды .