Laboratory diagnostics

Қаз ССР Союзнаркомздрав бұйрығының негізінде  Республикалық  фельшер- акушер  мектебінде  1946 жылдың  11 ақпанынан  70 адам  білімгері  бар медициналық  лаборант бөлімі  ашылған.

Бірінші  бітірушілері  20 лаборант құраған. (1948ж) Бүгінгі таңда, жыл сайын 70-100 клиникалық лаборанттар бітіруде.

1948 жылдан «Лабораториялық  диагностика» бөлімінен  3500 клиникалық лаборанттар бітірді.

Қазіргі таңда бөлімде 59 жоғары  білікті  оқытушылар  жұмыс  жасайды. Қазіргі кезде осы мамандықта  медициналық және биологиялық  ғылым  кандидаттары  жұмыс  жасайды. Олар: Доскеева Р.А, Сарсенбаева М.З.

Бөлімде сабақтар оқыту-практикалық аудиторияларда, заманауи лабораториялық  құралдарды  қолдана отырып, өткізіледі: микробиологиялық, (бактерологиялық) , биохимиялық, санитарлы-гигиеналық, клиникалық  лабораториялар.

Клиникалық- диагностикалық  лабораторияларда  жұмыс  жыл  сайын  күрделенуде. Лабораториялық  зерттеулер сандық  өсумен  қатар, терең  сапалық  өзгерістерге  ұшырауда.  Медициналық  ғылым  және  техниканың дамуына  сәйкес, олар  жаңа әдістермен үздіксіз толықтырылады және әртүрлі күрделі  құралдарды қолданады.

Клиникалық- диагностикалық  лабораторияларда  практикаларға жаңаша  құралдарды енгізу,  мамандарды  сапалы  және жүйелі  түрде  жаңа құралдармен жұмыс жасауға үйрету, дайындау жоғары  дайындықты талап  етеді.

Сондықтан да, практикалық  сабақтарда   арнайы  клиникалық  жағдай анализдері  қолданылады,  білімгерлердің  өзіндік жұмысына шынайы жағдай жасалынады, негізгі  назар   кәсіби біліміне,  іскерлігіне  және орындай алуына көңіл бөлінеді.

«Лабораториялық  диагностика»  бөлімінде  жаңаша  заманауи технологиялық құралдар қолданылады: гематологиялық анализаторлар, спектофотометорлар, коагулометрлер, зәр анализаторлары, тринокулярлы және бинокулярлы микроскоптар,  қанның ақтүйіршіктерін санайтын электрлі  счетчиктері, центрифугалар, электронды таразылар, жартылай автоматты биохимиялық анализаторлар,  портотивті биохимиялық анализаторлары және глюкометрлері, КФК, Пастер және муфель пештері және т.б.

 

 

0305000  мамандығы: «Лабораториялық  диагностика»

0305013 біліктілігі: «Медициналық  лаборант»

Оқу мерзімі:

11 сыныптан кейін 2 жыл 10 ай   

9 сыныптан кейін  3 жыл 10ай

 

Бітірушілердің  кәсіби мамандық ауданы:

– клиникалық, микробиологиялық және санитарлы-гигиеналық зерттеулерді жүргізу

 

Республикалық Медициналық колледжді бітірушілер  мамандықтары бойынша,  мынандай жерлерде жұмыс жасайды:

– Республикалық мекемелерде, клиникалық-диагностикалық лабораторияларда;

– жекешеленген клиникалық-диагностикалық лабораторияларда және т.б.

 

Мамандықтар бойынша оқу, өндірістік практикалар Алматы қаласының көпсалалы ауруханалары  мен емханаларында жүргізіледі.

 

«Зертханалық диагностика» бөлімінің меңгерушісі

Ельшибаева Бибигайша Абдуллаевна