Nursing

Республикалық орта медицина және фармацевтика қызметкерлерін даярлау және қайта даярлау колледжінде 1947 жылдан бері «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша оқыту жүзеге асырылып келеді.

2009 жылдан бастап «Мейіргер ісі» бөлімі қазақ және орыс бөлімдеріне бөлінді. Осы жылы орыс бөлімінде көзі көрмейтін мүгедектерге арнап «Массажист» біліктілігі ашылды.

Сонымен қатар 2013 жылдан бастап мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру       стандартына сай қазақ және орыс бөлімінде 0302011 «Күту ісінің кіші мейіргері» біліктілігі ашылды. Қазіргі таңда «Мейіргер ісі» бөлімінде келесі біліктіліктер бойынша 9 және 11 сыныптардан кейін келген оқушыларды қабылдап, бюджет және ақылы формада білім беріледі:

  • 0302011 – «Күту ісінің кіші мейіргері» оқу мерзімі 10 ай (1 жыл 10 ай 9 сын кейін)   оқуды ары қарай жалғастыру құқығымен;

Біліктілік бойынша кәсіптік қызмет аясы:

– медициналық мекемелерде санитарлы – эпидемиологиялық тәртіпті қадағалау; науқастарға және күтімге мұқтаж жандарға күтім көрсету; өзінің құзіреттілік шегінде науқастарға қарапайым емшараларды жүргізу; медициналық мекемелерде зарарсыздандыру құралдарымен жұмыс істеу;

– халі ауыр науқастарға, егде жастағы және қарт адамдарға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі (мүгедек) жандарға күтім көрсету;

– емхана және аурухана түріндегі емдеу-профилактикалық мекемелерінде, ғылыми зерттеу институттарында, санаторлы-курорттық мекемелерде, мектепке дейінгі балалар және білім беру мекемелерінде, сонымен қатар басқа да әлеуметтік қызмет көрсету аясындағы мекемелерде балалар мен ересек тұрғындарға қызмет ету;

– салауатты өмір салтын насихаттау және алдын алу жұмыстарын жүргізу.

 

 

  • 0302033 – «Жалпы практика мейіргері» оқу мерзімі 2 жыл 10 ай (3 жыл 10 ай 9 сын кейін).

Біліктілік бойынша кәсіптік қызмет аясы:

– науқасқа күтім көрсетуде мейіргерлік процестің негізгі кезеңдерін құжаттау және іске асыру;

– медициналық мекемелердің құрылымдық бөлімдеріндегі науқастар мен медициналық қызметкерлердің жұқпалы ауру жұғу қауіпсіздігін, инфекциялық қадағалау талаптарын орындау;

– ауруханаларда дәрігердің тағайындауы бойынша профилактикалық, емдік, диагностикалық шараларды орындау;

– кәсіптік қызметінде білімін үнемі жетілдіріп отыру, жаңа технологияларды қолдануды үйрену;

– аурухананың құрылымдық бөлімдерінің және амбулаториялық – емханалық мекемелердің  есепке алу – есеп беру құжаттарын рәсімдеу;

– коммуникативтік қарым-қатынас дағдыларын игеру;

– дәрігердің амбулаториялық қабылдау жұмысын жүргізуді ұйымдастыру (жұмыс орнын, аспаптарды, құралдарды, бланкілерді дайындау, алдын ала анамнез жинауды және қарауды жүргізу);

– зертханалық, функционалдық, аспаптық әдістермен зерттеуге науқасты дайындау және т.б.

 

 

  • 0302022 – «Массажист» көзі көрмейтін мүгедектерге арналған (орыс бөлімінде), оқу мерзімі 1 жыл 10 ай. Кәсіптік қызмет аясы: стандартта қаралған массаждың барлық түрлерін орындау.

 

 

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігінің 23 шілде 2014 жылғы №417 бұйрығы «Мейіргер ісі мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат оқу бағдарламасын эксперимент ретінде  енгізу» негізінде 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданбалы бакалаврит оқу бағдарламасы оқытыла бастады.

 

Қазіргі уақытта мейіргер бейнесі түбегейлі өзгерген, ғылыми тұрғыдан және тәжірибеден алсақ қазіргі мейіргер өз бетінше мейіргерлік шешім қабылдап, жоспарлап, нақты мейіргерлік күтім көрсететін, жаңа технологияларды меңгерген, сондай-ақ науқастың еміне байланысты мейіргерлік ой-пікірін толық білдіре алатын дәрігердің теңқұқылы серіктесі ретінде қабылданады. Сондықтан бүкіл әлемде мейіргер ісі мамандары тек негізгі техникалық және мамандандырылған білімімен тоқталмай, сонымен қатар бакалавр, магистратура және доктарантура деңгейінде білімін жетілдіруде.

 

«Мейіргер ісі» бөлім меңгерушісі  Алиева Ляззат Рамазановна