Pharmacy

Республикалық медицина колледжінде «Фармация» мамандығы алғаш 1950 жылы тыстай оқытатын бөлім ретінде ашылды,кейіннен күндізгі оқыту бөлімі ашылып, студенттер қабылдана басталды.

Қазірде аталған мамандық бойынша мамандар  даярлау 2 жыл 10 ай күндізгі  оқу бөлімі бойынша жүзеге асырылады,бітіргеннен кейін 2010 жылғы оқу стандарты бойынша «Фармацевт» біліктілігімен диплом  беріледі.

«Фармация» бөлімінде дәрілік технологиясы, фармацевтикалық және аналитикалық химия, фармакогнозия, фармацевтика ісін ұйымдастыру, фармацевтика маркетингі және менеджменті сияқты арнайы пәндерді көп жылдар дәріханаларда қызмет еткен,тәжірибесі мол оқытушылар  студенттерге сабақ береді.

Жоғары білікті оқытушы – мамандар Смагулова М.В.(денсаулық сақтау ісінің үздігі,провизор) ,Мукашова У.А.(дәріхана меңгерушісі,провизор),Оразбекова А.Е.,Шаймерденов А.Д.(дәріхана менеджерлері )студенттерге  өз мамандығын сүюге,қыр-сырын меңгеруге және кәсіби жауапкершіліктің маңыздылығын  түсіндіруге талмай еңбек етеді. «Фармация» бөлімінің оқушылары оқу кезінде фармацевтика ісі саласында теориялық және тәжірибелік даярлықпен бірге дәріхана мекемелерінде жұмыс істеу дағдыларын толық көлемде меңгерулері тиіс.

Сонымен қатар кәсіби білімдерін шыңдау үшін оқу бітіретін топтар республикалық «Үздік фармацевт » сайысына қатысып,білімдерін сынайды. Бұл сайыс 2012 жылдан бастап, жыл сайын ҚР-ның медициналық колледждер Бірлестігінің аясында өтеді.

Алматы қаласының ірі дәріханалары, сол сияқты фармацевтикалық фирмалар, аурухана дәріханалары «Фармация» бөлімінің оқу базалары болып табылады.Колледж оқушылары бекітілген оқу жоспарына сәйкес сол жерлерінде өндірістік және диплом алдындағы тәжірибелерін өткізеді. Диплом алған колледждің фармацевтика бөлімінің түлектері дәріханаларда, дәрі қоймалары мен кәсіпорындары жұмыс істейді, олар әркашан да үлкен сұранысқа ие.

«Фармация» мамандығының бөлім меңгерушісі тәжірибелі дәрігер,денсаулық сақтау ісінің үздігі Шәкір Рәмилә Қапайқызы.