About library

 

Алматы қаласының  Республикалық медициналық колледжінің кітапханасы 1939 жылы құрылды.  Жалпы  кітап қоры 7000 дананы құрады (оқулықтар, көркем әдебиет және сөздіктер). Қазір кітапхана орта медициналық мамандарды даярлайтын, оқу-тәрбие үрдісін жаңа ақпараттар және  әдебиетермен  қамтамасыз ететін оқу ордасының негізгі бөлігі  болып саналады. Басқа бөлімшелер сияқты  кітапханада оқу ордасымен бірге дамыды.

Кітапханада үш зал бар: оқу залы, оқырмандарды кітаппен қамтамасыз ететін зал, электронды кітапхана залы, сондай-ақ кітап қоймасы бар.

Қазір кітапхана қоры кең көлемді, қазақстандық және ресейлік коллекциялармен жақсы жабдықталған  анықтамалық-библиографиялық аппарат, анықтамалықтар, энциклопедиялар, әртүрлі көркем әдебиет және мерзімді басылымдар жинақтарымен толықтырылған. Кітапхана қоры жылдан жылға көбеюде,  2014 жылдағы  кітапханана  қоры  91327 дананы құрайды. Олар:

– оқулықтар қоры;

– ғылыми әдебиет қоры;

– көркем әдебиет қоры;

– мерзімді басылымдар қоры (газеттер, журналдар);

– электронды кітапхана қоры  (сайт «Кеңесші – медициналық  колледж студенттеріне арналған, электронды оқулықтар (CD), планшеттер).

 

 

Колледж студенттері, оқытушылары  мен қызметкерлері  кітапханана қызметін   белсенді қолданады. Кітапхана қызметкерлері оқырмандарды кітап оқуға ынталандырады;  арнайы тақыптарға көрмелер ұйымдастырады, оқырмандардың  жалпы мәдениетін көтеру үшін әртүрлі іс-шараларды жүзеге асырады. Оқырмандардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында кітапхана « Қазақстандық автоматтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйе – ҚААКЖ»  бағдарламамен  кітапхананың қоры жасалып, алынған ақпараттармен  талдау жасалады.