“Тіл мерейі – ел мерейі” атты тіл апталығының ашылу салтанаты өтті

Республикалық жоғары медициналық колледжінде Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдері күніне орай, “Тіл мерейі – ел мерейі” атты тіл апталығының ашылу салтанаты өтті. Мерекелік кешке колледж директоры Н.Б. Рузденова мен Қазақстан түріктері этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары, философия ғылымдарының докторы, «Құрмет» орденінің иегері Қазақбай Қасымов қатысып, Тілдер күні мерекесімен құттықтады.

Салтанатты кеште колледж студенттері өздерінің тіл туралы шығарған өлеңдерін оқып, Қазақ, ағылшын, орыс және ұйғыр тілінде ән шырқады.