Алматы қаласының Республикалық медициналық колледжінің кітапханасы 1939 жылы құрылды. Жалпы кітап қоры 7000 дананы құрады (оқулықтар, көркем әдебиет және сөздіктер). Қазір кітапхана орта медициналық мамандарды даярлайтын, оқу-тәрбие үрдісін жаңа ақпараттар және әдебиетермен қамтамасыз ететін оқу ордасының негізгі бөлігі болып саналады. Басқа бөлімшелер сияқты кітапханада оқу ордасымен бірге дамыды.
Кітапханада үш зал бар: оқу залы, оқырмандарды кітаппен қамтамасыз ететін зал, электронды кітапхана залы, сондай-ақ кітап қоймасы бар.
Қазір кітапхана қоры кең көлемді, қазақстандық және ресейлік коллекциялармен жақсы жабдықталған анықтамалық-библиографиялық аппарат, анықтамалықтар, энциклопедиялар, әртүрлі көркем әдебиет және мерзімді басылымдар жинақтарымен толықтырылған. Кітапхана қоры жылдан жылға көбеюде, 2014 жылдағы кітапханана қоры 91327 дананы құрайды. Олар:
– оқулықтар қоры;
– ғылыми әдебиет қоры;
– көркем әдебиет қоры;
– мерзімді басылымдар қоры (газеттер, журналдар);
– электронды кітапхана қоры (сайт «Кеңесші – медициналық колледж студенттеріне арналған, электронды оқулықтар (CD), планшеттер).
Колледж студенттері, оқытушылары мен қызметкерлері кітапханана қызметін белсенді қолданады. Кітапхана қызметкерлері оқырмандарды кітап оқуға ынталандырады; арнайы тақыптарға көрмелер ұйымдастырады, оқырмандардың жалпы мәдениетін көтеру үшін әртүрлі іс-шараларды жүзеге асырады. Оқырмандардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында кітапхана « Қазақстандық автоматтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйе – ҚААКЖ» бағдарламамен кітапхананың қоры жасалып, алынған ақпараттармен талдау жасалады.