«Мейірім марафоны» атты қайырымдылық акция

2014 жылдың 14 – 28 ақпан аралығында Алматы қаласы және Алматы облысы медицина колледждері арасында «Мейірім марафоны» қайырымдылық акциясы өтті. Бұл акцияны ұйымдастырушы ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің Республикалық медицина колледжінің Студенттік Парламенті.

«Мейірім марафоны» қайырымдылық акциясының эстафетасын Алматы қаласы және Алматы облысы медицина колледждері жалғастырды.

2014 жылы 28 ақпан күні барлық жиналған қор Қазақ Онкология және радиология ғылыми зерттеу институты мен Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына салатанатты түрде тапсырылды.

Бұл акцияның басты мақсаты медицина колледждерінің студенттерін осы миссия арқылы біріктіру: Аурухана төсегіне жатып қалған балаларға қолдан келгенше қолдау көрсету және көмекті аямау!