12 мамыр – Медбикелер күні

12 мамыр – Медбикелер күніне орай Мейірбике ісі 1-13 тобының ұйымдастыруымен «Ақ халатты абзал жандар» атты ашық тәрбие сағаты (топ жетекшісі А.А. Тәжиева) өтті.

Тәрбие сағаты «Ақ халатты абзал жандар» әнімен басталып, медбике күнінің қабылданған күнінен бастап осы күнге дейінгі медбикенің соғыс кезіндегі және қоғамдағы орны аталып көрсетілді. Сонымен қатар білімгерлеріміз болашақ ақ халатты абзал жандардың келеңсіз қателіктерді болашақта жібермеуін көрініс арқылы жеткізді. Білімгерлер адам өмірінің арашасы ақ халатты абзал жандар – медбикелерді төл мерекелерімен құттықтап, өз тілектерін білдірді.