«Жыр Құлагері-Ілияс»

 

2014 жылы 24 сәуірде Республикалық медицина колледжінде «Аңыз адам» атты қазақ тілі үйірмесінің (жетекшісі Мыңжасарова А. Ө.) ұйымдастырылуымен «Жыр Құлагері-Ілияс» атты әдеби кеш өткізілді.

Әдеби кеште үйірме мүшелері ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тамаша талант иесі Ілияс Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығына тоқталды. Кеште ақынның поэмаларынан үзінділер оқылды. Кеш студенттерге белгілі тұлғаның өмірінен үлгі аларлықтай, туған елінің патриоты болатындай ерекше әсер қалдырды.