Қазақстанда мейіргерлер атқаратын қызмет аясы кеңейіп, рөлі артуда

 

2014 жылғы 16 мамырда Астанада Халықаралық мейіргерлер күніне арналған «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуде мейіргер қызметінің рөлі» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияда еліміздегі мейіргерлер ісіне қатысты отандық және Финляндия, Литва елдері мамандарының, медициналық қауымдастықтар және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің баяндамалары тыңдалды.    

  Бүгінгі таңда медициналық-санитариялық алғашқы көмекті (МСАК) жетілдіру – денсаулық сақтау жүйесінің негізгі бағыттарының бірі. «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының 2 кезеңін іске асыру шаралары Алматы декларациясының негізгі қағидаларына толықтай сәйкес келеді.

 

 

Қазақстанда соңғы жылдары мейіргерлердің атқаратын қызметі елеулі түрде артып, дәрігердің кейбір өкілдіктері соларға берілді. Денсаулық сақтау жүйесінде әлеуметтік қызметкерлер енгізіліп, участкелік дәрігерлерге екінші мейіргер, жалпы тәжірибе дәрігерлеріне үшінші мейіргер бекітіліп, МСАК қызметін көрсетуде ролі жоғарылады. Қызметтің әлеуметтік бағыты және профилактикалық жұмыстың тиімділігі арттырылуда.

Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция қорытындысында Қазақстандағы мейірбике ісін дамытуды арналған іс-шараларды жалғастыру қажеттілігі бойынша қарар қабылданды.

 

1. Қарар

2. Презентация

3. Суреттер