Салауатты өмір сүру салты

 

2014 жылы 28 ақпанда, 27 наурызда Республикалық медицина колледжінде Алматы қалалық салауатты өмір сүру салтын қарастыру орталығының бөлім меңгерушісі Г.К.Булыгинаның, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дің дәрігер – гинекологы С.Т. Оспанованың және колледж әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Темекі біздің тақырыбымыз емес!» атты іс – шара акциясы өтті. Онда темекi шегушілiктiң алдын алу және оны шектеу туралы фильм көрсетілді, жеке бастың тазалығы, контрацепция, қыздардың денсаулығы, медициналық тексерулердің қажеттілігі туралы айтылды.

Студенттер ЖҚТБ және инфекциялық аурулардың адамзатқа апат алып келетінін, өз денсаулықтарын қорғау керектігін түсінді.