31 мамыр – Саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

2014 ж. 30 мамыр күні Республикалық медицина колледжінде Саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Акушер ісі» мамандығы 01-13 тобының (топ жетекшісі Абдикадирова З.Р.) «Мұң мен Зар» атты ашық тәрбие сағаты өтті.

Тәрбие сағатында тағдыр тәлкегіне түскен тарихи тұлғалардың жазықсыз жапа шеккені, соның ішінде құғын сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының өмірбаяны мен шығармашылықтары туралы мәліметтер баяндалды.

 

«Алаш арыстары» атты ашық тәрбие сағаты

«Емдеу ісі» бөлімі, Е 1-13 тобы (топ жетекшісі Қазақбаева Ж.Р.) Саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Алаш арыстары» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағаты конференция түрінде өтілді. Конференция барысында «Алаштың бес арысы» жайында баяндамалар оқылды. Сондай – ақ, топ білімгерлері Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін», Мыржақып Дулатовтың «Оян, қазақ!» атты шығармаларынан үзінділер оқыды.