«Біз нашақорлықсыз өмірді таңдаймыз»

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыруда 2014 жылы 15 мамырында Алматы қалалық салауатты өмірді қалыптастыру орталығы «Біз нашақорлықсыз өмірді таңдаймыз» атты нашақорлыққа қарсы ең үздік сахналандырылған көрініс байқауын өткізді.

Байқау Алматы қаласы колледждерінің арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған құнды бағыт – бағдар мақсатында өткізілді.

Байқауға қатысқан Алматы қаласы бойынша 9 колледждің арасынан Республикалық медицина колледжі командасы I жүлделі орынды жеңіп алды.