Медицина қызметкерлері күні

2014 жылғы 13 маусым күні Республикалық медицина колледжінде Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде көрсеткен адал еңбектері үшін бірқатар оқытушылар мен қызметкерлер «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгілерімен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының және колледж әкімшілігінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарымен марапатталды.

Салтанатты шара барысындаколледждің үздік студенттері марапатталып, кәсіподақ ұйымы атынан дайындалған бағалы сыйлықтар табысталып, мерекенің соңы концертпен аяқталды.