Колледж түлектеріне орта кәсіби білім жөніндегі диплом табысталды

2014 жылдың 1-ші шілдесінде Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясында Республиғалық медицина колледжін бітіруші түлектерге орта кәсіби білім жөніндегі диплом табыстау рәсімі салтанатты түрде өткізілді. Түлектерге дипломмен қатар барлық мамандықтар бойынша қосымша білім беру сертификаттары табысталды.

Осы керемет білім ордасында 587 ұлдар мен қыздар өзденрінің кәсіби білімдерін аяқтады. Осы уақыт ішінде 7 мамандық бойынша студенттер мықты біліммен қаруланып, нағыз кәсіби іскерлік пен дағдыны қалыптастырды.

Мерекелік рәсімге денсаулық сақтау ісінің ардагерлері, емдеу-профилактикалық мекемелердің жетекшілері, Мемлекеттік емтихан комиссияларының төрағалары (төрайымдары), кәсіподақ көшбастаушылары, халық денсаулығын сақтауға, медициналық мамандарды дайындауға, Қазақстан Республикасының барлық денсаулық сақтау жүйесін дамытуға зор үлес қосқан азаматтар шақырылды.

Колледж директоры С.Т. Сейдуманов өз сөзінде колледж түлектермен қоштаспайтынын, олармен әлі талай рет колледж қабырғасында кездесетініне үлкен үміт артатынын шын жүректен жеткізді.

Осы салтанатты рәсімде қоғамдық шараларға, спорттық белсенділік танытқан және шығармашылық табыстарға жеткен ерекше көзге түскен түлектер грамоталармен марапатталды.

Республикалық байқаулардың жеңімпаздарына ерекше мейірімнің, әрқашанда көмекке дайын және үлкен жүректің символы ретінде биылғы жылы да дәстүрлі «Таза жүрек» символын денсаулық сақтау ардагерлерінің атынан «Емдеу ісі» мамандығы «Қазақстан Республикасының үздік түлегі-2014», «Үздік тіс технигі-2014» байқауларының жеңімпаздары Әшім Қайрат және Аден Алмасқа табысталды.

Қазақстан Республикасы мен Ауғанстан Ислам Республикалары Үкімет аралық Келісім негізінде үш жыл бұрын колледжге 20 ауғандық студенттер қабылданған еді. Биылғы жылы «Емдеу ісі» және «Ортопедиялық стоматология» мамандықтары бойынша кәсіби білім алған алғашқы ауған түлектеріне дипломдар табысталды.

Ауғанстан Ислам Республикасының Елшілігі атынан колледж әкімшілігіне алғыс сөздер айтылды. Ауғанстан Елшілігінің 3-хатшысы Акрами Мохаммад Наким мырза зор денсаулық пен үлкен табыстар тіледі.

Колледждегі маңызды оқиға – зағип мүгедектерге арналған «Мейірбике ісі» мамандығы «Массажист» біліктілігі бойынша 4-ші рет мамандарды даярлап шығарды.

Түлектердің айтулары бойынша, олар білім алғандарына қуанышты, өздеріне сенімділіктері басым, диплом алғаннан кейін ертең олар еңбек жолдарын бастап кетуге дайын.

«Сәт сапар, жас түлек – 2014!»