Қазақстан халықтары тілдер мерекесі

22 қыркүйек – Қазақстан халықтары тілдер мерекесі қарсаңына орай Республикалық медицина колледжінде 2014 жыл қыркүйектің 19 – 22 аралығында Қазақстанды мекендеген түрлі халықтарының тілдеріне деген сұйіспеншілігін арттыру мақсатында мерекелік шаралар өткізілді.

Осы шараның салтанатты ашылу рәсіміне колледжіміздің мемлекеттік тілді дамыту орталығының маманы А.А. Жалмаханов қатысып өз лебізін білдірді.

З/т 02-14, Е 01-14топтарының жетекшілірі Н.Р. Нурлан, А.У.Мыңжасарова «В языке богатство народа», «Ана тілім – биік туым, айбыным»атты ашық тәрбие сағаттарын өткізді. Колледж кітапханасында «Тіл – достық пен татулықтың тірегі»атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Осы көрмеде білім алушылар Қазақстанды мекендеген әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың мәдениеті және дәстүрлерімен кеңіне таныса алды.