Ұстаздар күні

Ұстаздардың дәстүрлі кәсіби мерекесіне орай Республикалық медицина колледжінің мәжіліс залында салтанатты жиын өткізілді. Мерекелік шарада колледж директорының орынбасары Б.А.Махпирова әріптестерін кәсіби мерекесімен құттықтап жылы лебізін білдірді.

Колледж әкімшілігі атынан ұстаздарға Алғыс хаттар табысталды. Кәсіподак комитеті атынан колледж қызметкерлеріне мерекелік сыйлықтар берілді.

Осы шара білім алушылар күшімен дайындалған мерекелік концертпен жалғастырылды.