«Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол»

2014 жылы 18 қарашада Республикалық медицина колледжінің студенттік Парламенті колледж студенттерімен Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы Жол болашаққа бастар жол» атты халыққа жолдауының негізгі тезистерін талқылады.

Талқылау барысында Студенттік Парламент төрағасы Үмітбек Қырғызалиев жолдауда көрсетілген өзекті мәселелерге аса назар аударып, оны алдағы уақытта басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің дамуының жолында еліміздің әрбір азаматы қажырлы еңбек ету қажеттілігін атап өтті.

Студенттік Парламент мүшелері Анастасия Зоц пен Нұркен Тұрлықожа Елбасы Жолдауындағы жастарға арналған негізгі 3 бағытқа тоқталып кетті.