КТК (КВН)

Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығын тойлау аясында 2015 жылдың 5 наурызында Студенттік Парламент бөлімаралық КТК (КВН) ойынын ұйымдастыруға мұрындық болып, жақсы дәрежеде өткізіп шықты.

Ойынға «Емдеу ісі», «Лабораториялық диагностика», «Стоматология» және «Мейірбике ісі» мамандықтарының командалары қатысты.

Командалар таныстыру визиткасы, ширату, СТЭМ және музыкалық финалдарда қызықты ойындар көрсетті. Ойын қорытындысы бойынша «Емдеу ісі» бөлімінің КТК командасы жеңіскер аталды. Командаларға әр түрлі номинацияда Кубок пен Дипломдар табысталды.