Студенттердің соғыс ардагерімен кездесуі

Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығын тойлау аясында 2015 жылдың 26 ақпанында колледж студенттері ҰОС ардагері Виктор Карпович Изюминковпен кездесті. Кездесу өте жылы, достық атмосферасында өткізілді.

Ардагер студенттерге сұрапыл соғыс кезіндегі қиын да қатаң әскери өмірі жайлы сыр шертті. Жастар ардагерге өздерінің сұрақтарын қойып, аса қызығушылықпен тыңдады.