Студенттердің ҰОС ардагері В. А. Александровамен кездесуі

Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығын тойлау аясында 2015 жылдың 2 сәуірінде «Лечебное дело», Ф 03-14 топ студенттері (топ жетекшісі Н.Д. Тюзюльбаев) ҰОС ардагері В. А. Александровамен кездесті.

В. А. Александрова 16 жасында өз еркімен соғысқа аттанды. 431 Аэродромдық қызмет көрсету батальонында санинструктор қызметін атқарған. Отан алдындағы ерлігі үшін 1 дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен және 5 медальмен марапатталған.

Кездесу өте жылы, достық атмосферасында өткізілді.