Нашақорлықтың алдын алу

2015 жылы 14 сәуірде студенттердің дәрігер – нарколог Алексей Андреевич Любушкинмен кездесуі өтті. Кездесуде дәрігер «Нашақорлық. Даму сатысы. Алдын алу» атты арнайы дайындалған дәріс оқып «Нашақорлыққа жол жоқ!» атты видеоролик ұсынды.

Тәжірибелі дәрігер адамды әлеуметтік азғындыққа алып келетін нашақорлықтың зияны жөнінде егжей – тегжейлі түсіндірді.