«Бір халық – бір ел – бір тағдыр»

2015 ж. 16 сәуір күні Қазақстан халқының бірлігі күніне және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын тойлау аясында «Мейірбике ісі» бөлімінің МІ 2 -14 тобында (топ жетекшісі А.Ө.Жырғалова) «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» атты ашық тәрбие сағаты өтті.

Студенттер көрермендерге Қазақстан халқының бірлігі, Ассамблеяның қызметі жайлы айтып, видеофильм ұсынды, халықтар достығы туралы өлеңдер оқып, салт – дәстүрлері жайлы әңгімеледі.