Студенттердің Ленинградта құрсауда қалған В.Ш.Виннермен кездесуі

Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығын тойлау аясында 2015 жылдың 30 сәуірінде «Сестринское дело» бөлімі, СД 3-14 (топ жетекшісі А.К. Кахриман) тобы студенттері Ленинградта құрсауда қалған Валентина Шарифовна Виннермен кездесті.

Валентина Шарифовна құрсаудағы аштық, ауыр және Ленинградта құрсауда қалған кезеңдері туралы әңгімелеп берді.

Кездесу соңында, Валентина Шарифовна колледж музейіне жақында басылып шыққан «Блокада мы помним все» атты естелік кітабын сыйлады.