Халықаралық мейіргерлер күніне арналған Қазақстан мейіргер ісі мамандарының III съезінің өтті

ҚР ДСЖӘДМ 22 желтоқсан 2014ж №343 бекітілген бұйрығымен 2015 жылға ғылыми – практикалық конференциялар тізіміне сәйкес 2015 жылдың 15 мамырында Алматы қ. «Қазақстан» қонақүйінде Халықаралық мейіргерлер күніне арналған Қазақстан мейіргер ісі мамандарының III съезі өтті.

Съезд қарсаңында еліміздің барлық аймақтарында әр түрлі іс-шаралар; ғылыми – практикалық конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, кәсіби сайыстар, мейірімділік акциялары, медициналық көмек жәрмеңкелері ұйымдастырылды.

Съез жұмысына 700ден аса делегеттар және Қазақстанның барлық аймақтарынан келген қонақтар, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі өкілдері, Алматы қ. Әкімдігі, мейіргерлік қызмет басшылары және мамандары, Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау ұйымдары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, сонымен қатар Финляндиялық, Ресей Федерациясының, Қырғызстандық, Тәжікстандық халықаралық қатысушылар, ЖОО ректорлары, мемлекеттік және мемлекеттік емес медицина колледждерінің директорлары қатысты. Съез жұмысын республикалық және аймақтық электронды және баспалық БАҚ жариялады.

Съез аясында ҒЗИ, ҒО, Алматы қ. медициналық ұйымдарымен Қазақстан  Республикасының  денсаулықсақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған “Саламатты  Қазақстан”  мемлекеттік  бағдарламасының басым бағыттарын жүзеге асыру бойынша көрмелер дайындалды. Съез өткізу күні Алматы қ. Денсаулық сақтау басқармасының, ҒЗИ, ҒО, республикалық ұжымдардың қатысуымен кеңестік – диагностикалық көмек; флюорография, қандағы қантты және холестеринді анықтаудың экспресс сараптамалары, артериалды қан қысымын өлшеу, көз түбін тексеру, терапевт, эндокринолог, окулист, ЛОР дәрігерлерінің көмегі бойынша медициналық қызмет жәрмеңкесі ұйымдастырылды№ Жәрмеңкеге 1070 адам қатысты.

Съездің салтанатты ашылуына Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі А.В. Цой қатысты.

Съездің пленарлық отырысының жұмысы халыққа медициналық қызмет  көрсетудегі мейіргер ісі мамандарының рөліндегі  негізгі мәселелер, Қазақстандағы мейіргер ісін дамыту барысындағы реформалар, мейіргер ісіндегі институционалдық өзгерістер, мамандар даярлау жүйесіндегі жаңғыртулар және оларды практикалық денсаулық сақтауда қолдану, және мейіргерлік қызметті жетілдірудегі халықаралық серіктестермен тәжірибе алмасу жайларына бағытталды.

Екі секциялық отырыстарда келесі мәселелер талқыланды:

– Қазақстан Республикасындағы мейіргер ісін реформалаудағы практикалық денсаулық сақтаудың рөлі туралы;

– орта кәсіби білім беруді жаңғырту, дуалды оқыту жүйесін енгізу принциптері, қолданбалы бакалавриаттағы пилоттық жоба.

Съез жұмысы барысында делегаттар мен алыс  және жақын шетелден арнайы шақырылған  қонақтар соңғы жылдарда Қазақстандағы мейіргер ісіндегі түбегейлі өзгерістерді атап өтті.

Делегаттар мен қатысушылар Съез жұмысын қорытындылауда Қазақстандағы мейіргер ісін дамытудың Кешенді жоспарын  іске асыруға бағытталған резолюцияны қабылдады және республикада халықаралық тәжірибеге бағдарланған мейіргерлік қызмет көрсетудің толыққанды дамуына үлкен үміт пен сенім білдірді.