Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 70-жылдығына арналған салтанатты шара

2015 ж. 6 мамырында колледждің мәжіліс залында 1940 – 1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 70-жылдығына орай «Біз бұл естелікке адалмыз» тақырыбында салтанатты шара өткізілді. Бұл мерекеге 23 соғыс және тыл ардагерлері шақырылды. Шараға дейін соғыс және тыл майданының ардагерлері колледж мұражайындағы әскери Даңқ бұрышына барып, ары қарай Даңқ Мемориалына гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді.

Мерекені ашқан колледж директоры С.Т.Сейдуманов өз сөзінде әскери дәстүрлерді насихаттаудың маңыздылығын, сонымен қатар, Отан алдындағы борышын өтеудегі көрсетілген ерліктер жөнінде атап өтті.

Колледж әкімшілігі және кәсіподақ ұйымының атынан барлық шақырылған қонақтарға сыйақы және дәстүрлі жауынгерлік паек тапсырылды.

1 кус студенттерінің арасында «Соғыс туралы кітаптар оқығанда…» тақырыбында өткен шығарма сайысының жеңімпаздары марапатталды.

Мереке барысында колледж студенттерінің дайындаған әдеби – сазды композициясы көрсетіліп, Ұлы Отан соғысы кезіндегі өлеңдер мен әндер орындалды.

Салтанатты жиын дәстүр бойынша «День Победы» әнімен жалғасып, мерекеге қатысушылардың суретке түсүімен және мерекелік дастарханмен аяқталды.