Колледж түлектеріне диплом табысталды

2015 жылдың 2-ші шілдесінде Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясында Республиғалық медицина колледжін бітіруші түлектерге орта кәсіби білім жөніндегі диплом табыстау рәсімі салтанатты түрде өткізілді. Түлектерге дипломмен қатар барлық мамандықтар бойынша қосымша білім беру сертификаттары табысталды.

Осы керемет білім ордасында 635 ұлдар мен қыздар өзденрінің кәсіби білімдерін аяқтады. Осы уақыт ішінде 7 мамандық бойынша студенттер мықты біліммен қаруланып, нағыз кәсіби іскерлік пен дағдыны қалыптастырды.

Мерекелік рәсімге қаладағы Медицина мекемелерінің, Ғылыми – практикалық орталықтардың, Ғылыми – зерттеу институттарының басшылары, Мемлекеттік емтихан комиссияларының төрағалары (төрайымдары), халық денсаулығын сақтауға, медициналық мамандарды дайындауға, Қазақстан Республикасының барлық денсаулық сақтау жүйесін дамытуға зор үлес қосқан азаматтар шақырылды.

Салтанатты мерекелік шараны колледж директоры С.Т. Сейдуманов ашты.

Осы салтанатты рәсімде қоғамдық шараларға, спорттық белсенділік танытқан және шығармашылық табыстарға жеткен ерекше көзге түскен түлектер Алғыс хаттармен марапатталды.

Алғыс хаттарды Медицина қызметкерлері күні аясында өткізілген «Кәсібінің үздігі» республикалық байқауының жеңімпаздары «Үздік менеджер – денсаулық сақтау ұйымдастырушысы» – Алматы қалалық №4 клиникалық ауруханасының бас дәрігері Әнуар Аманов және «Үздік колледж оқытушысы» – Светлана Сахишева табыстады.

Қазақстан Республикасы мен Ауғанстан Ислам Республикалары Үкімет аралық Келісім негізінде «Емдеу ісі» мамандығы бойынша кәсіби білім алған ауған түлектеріне дипломдар табысталды.

Ауғанстан Ислам Республикасының Елшілігі атынан Саадид Рухуллах мырза колледж әкімшілігіне алғыс сөздерін айтып, зор денсаулық пен үлкен табыстар тіледі.

Колледждегі маңызды оқиға – зағип мүгедектерге арналған «Мейірбике ісі» мамандығы «Массажист» біліктілігі бойынша 5-ші рет мамандарды даярлап шығарды.