Діни экстремизм және терроризм идеологиясының алдын алу бойынша іс – шара

2015 жылдың 15 қазанда колледждің мәжіліс залында студенттердің Медеу ауданы бойынша діни экстремизм және терроризм идеологиясының алдын алу жұмыстары бойынша құрылған ақпараттық-түсіндіру тобымен кездесуі болып өтті.

Іс-шараға Медеу ауданының бас имамы Т. Жакиев, Ішкі саясат басқармасының Медеу ауданы бойынша аумақтық бөлімінің бас маманы Б. Сариев, аудандық Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті мен Жастар ресурстық орталығының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында әртүрлі теріс діни ағымдардың таралу жолдары, әлеуметтік желілердің тигізетін кері әсері, білім беру орындарындағы «хиджаб кию» мәселесі т.б. мәселелер діни тұрғыдан түсіндірілді.