Студенттердің белсенді тобымен кездесу

2015 жылдың 14 қарашасында колледж директоры С.Т.Сейдуманов студенттердің белсенді тобымен кездесу өткізді. Осы кездесуде студенттердің колледждегі оқу жағдайларын жақсартуға арналған шұғыл жағдайлар бірге талқыланды. Басты зейін студенттердің колледждегі тәртіптері мен санитарлық нормаларға аударылды.