Қазақстан-Жапон медициналық-ақпараттық орталығының ашылуы

2015 жылдың 6-шы қарашада Республикалық медицина колледжі мен Japan Medical & Health Co., Ltd компаниясының біріккен жобасымен Қазақстан – Жапон медициналық-ақпараттық орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Республикалық ғылыми орталықтардың, қалалық клиникалық мекемелердің басшылары мен өкілдері, оқытушылар және студенттер қатысты.

Колледж директоры С.Т.Сейдуманов жоба серіктестері мен қонақтарын орталықтың мақсаттарымен таныстырды. Жапондықтар атынан компания президенті Хидеки ИРЭЙ мырза сөз сөйледі.

Ашылу салтанатында денсаулықты сақтау, білім және ғылым, мәдениет саласындағы қатынастарды дамыту мен нығайту жөніндегі екіжақты Келісімге қол қойылды.