Халықаралық темекі тартудан бас тарту күніне арналған «Таста темекіні!» акциясы

2015 жылы 19 қарашада колледж фойесінде Халықаралық темекі тартудан бас тарту күніне арналған Студенттік Парламенттің бастауымен «Таста темекіні!» атты акциясы өткізілді.

Акция мақсаты: жастар арасындағы темекі тәуелділігі мәселесіне ерекше назар аудару.

Колледж студенттері сауалнама сұрақтарына жауап беріп, кәсіподақ тарапынан дайындалған лотереяге қатысып, арнайы сыйлықтарға ие болды. Кәсіби бағыттағы шығармашылық тартыста ерекше белсенділік көрсеткен қатысушыларға тәтті сыйлықтар таратылды.