«Ән көгінің сұңқары»

2015 жылы 26 қарашада «Лабораториялық диагностика» бөлімі Лаб 1-15, Лаб 3-15 топтарында (топ жетекшілері Есенгалиева Ж.М., Мухашев Ж.Е) ән әлемінің падишасы, «Қазақ вальсінің королі» атанған Ұлы сазгер Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған «Ән көгінің сұңқары» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Кеш барысында сазгердің өмірінен, шығармашылығынан көп мәлімет берілді, оның жүректен қозғалатын әсем әуендері шырқалды.