Қайырымдылық

2015ж. 28 қараша күні колледждің Студенттік Парламенті «Мейірім» волонтерлерімен бірігіп мамандандырылған «Жанұя» балалар үйіне барып, қайырымдылық шара өткізді.

Студенттер балаларға арнайы концерттік бағдарлама дайындап, ойын ұйымдастырып, кішігірім сыйлықтармен қуантты.