Ақын Әділғазы Қайырбековпен кездесу

Колледжімізде желтоқсанның 4 жұлдызында «Қазақ әдебиетінің қос бәйтерегі С.Мұқанов және Ғ.Мүсірепов» атты МІ 01 – 15 тобында ашық тәрбие сағаты өтті (топ жетекшісі Орынбасарова М. Ж.).

Ашық тәрбие сағаты екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде: білімгерлер, қазақ әдебиетінің қос бәйтерегі – С. Мұқанов және Ғ.Мүсіреповтің шығармашылықтары, өмір жолдары туралы мәліметтерге тоқталып, олар жайлы жырлаған ақындар өлеңдерін оқып, шығармашылықтарынан көріністер көрсетсе, екінші бөлімде: кешіміздің қонағы, ардақты ақын, Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсірепов мұражайының директоры Әділғазы Қайырбеков қос бәйтерек туралы ой бөлісті. Студенттер Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсірепов жайлы көп мағлұматтар алды.