«Әйелдерге қарсы зорлық – зомбылықсыз 16 күн» акциясы

Конвенция ережесіне сәйкес барлық әйелдерге қатысты дискриминация түрлерін жою бойынша жыл сайын 25 қараша Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою күні болып есептеледі. Осыған орай, «Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықсыз 16 күн» науқаны «Бақытты отбасы – бақытты ел» атты ұранымен өтті.

2015 ж. 10 желтоқсанда Медеу аудандық ІІД инспекторы, аға лейтенант Л.М.Сламджанова колледж студенттеріне лекция өткізді.

Инспектор әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту, жолын кесу, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасауға бейімді адамдармен жеке-профилактикалық жұмысты жүзеге асыруға бағытталған жүйені қалыптастыру, сондай-ақ әйелдердің өздерінің құқықтық білімін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып өтті.