Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын талқылау

2015 ж. желтоқсанның 15-сі күні Республикалық медицина колледжінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы қызу талқыланды.

Шараны колледж директоры С.Т.Сейдуманов ашып бұл дәстүрлі Елбасының Жолдауы Ассамблея жылы мен ҚР Конституциясының 20 жылдығында болып отыр деді. Біздің басты мақсатымыз – Отанымыз Қазақстанды бақытты да өскелең Мәңгілік елге айналдыру, дамыған 30 елдің қатарына кіру екендігін Мемлекет басшысының нақты атап көрсеткенін айтып өтті.