Ұрпақтар кездесуі

Аға буын ұрпаққа құрметпен қарауды қалыптастыру, сондай-ақ ұрпақтар арасындағы үнқатысуды қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылдың 30 желтоқсанында колледжде студент жастарының Алматы қаласы Медеу ауданы ардагерлер Кеңесімен кездесуі өтті.

Кездесуге Урмұрзина Гүлшара Ғазизқызы қатысып, өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, лауазымындағы қызықты әрі қиын сәттерін еске алды.

«Бұл кездесу – ұрпақтар кездесуі жастарға өткенді бағалап, бүгінімізді таразыға салып, болашаққа дұрыс жоспар құруға мүмкіндік берді. Елбасымыз әрдайым ерекшелеп, бізді мемлекет болашағы екенін айрықша баса айтады!»,- деп атап өтті Ардагерлер Кеңесінің мүшесі Нұрғазиева Сара Жайлаубекқызы.