«Қазақстан тарихы» пәнінен ашық сабақ

 

«Мейіргер ісі» мамандығының «МІ 4-15» тобында «Қазақстан тарихы» пәні бойынша «XV-XVII ғасырлардың ортасындағы Қазақ хандығы» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізілді. Пән оқытушысы: Халықова Баян Мұхаметжанқызы.  Сабақтың мақсаттары: Білім алушыларды Қазақ хандығының құрылу тарихымен, Жәнібек пен Керей хандарының халқына, жеріне, еліне сіңірген  қызметтерімен таныстыру. Білімдерін тереңдету, ой еркіндіктерін ояту, шығармашылық белсенділіктерін арттыру. Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, өз елінің тарихын білуге, оны құрметтеуге тәрбиелеу. Интеллектуалды картамен (mind map) жұмыс істеу әдісі,  көркемдік тұрғыда жоғары деңгейде жасалынған көрнекі құралдар қолданылды. Ашық сабақ мультимедиялық сандық подиумда өткізілді.